Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Астанада өз компаниясын ашты

kz.kursiv.media

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Астанада өз компаниясын ашты

Астанада бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің атына Enzo Ltd. атты жаңа жеке компания тіркелді, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Қазақстандық реестрлердегі мәлімет бойынша, компанияның жалғыз акционері әрі басшысы – Серік Сәпиев. Ол компанияда бірден үш қызметті атқарады: Director, CEO және Authorised Signatory.

Enzo Ltd.-нің жарғылық капиталы 300 мың теңгені құрайды. Ол әрқайсысының құны 3 мың теңге болатын 100 қарапайым акциядан тұрады.

Компанияның негізгі қызмет түрі ретінде холдингтік компаниялардың қызметі көрсетілген. Яғни мұндай компаниялар әдетте басқа кәсіпорындардың акциялары мен үлестерін иеленіп, оларды басқарумен айналысады.

Серік Сәпиев – 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы және Вэл Баркер кубогының иегері. Спорттық мансабын аяқтағаннан кейін ол мемлекеттік және басқарушылық қызметтерді атқарды. Мәжіліс депутаты, дене шынықтыру және спорт істері комитетінің төрағасы болды. 2024 жылдың қарашасынан 2026 жылдың ақпанына дейін Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарды. 2026 жылдың ақпанында Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

Бұдан бөлек, Сәпиев Astana Arlans Promotion қоғамдық бірлестігінің басшысы ретінде де көрсетілген. Ұйым 2023 жылы Астанада тіркелген. Атауы Сәпиев бұрын басқарған танымал Astana Arlans бокс клубымен байланысты.

Сонымен қатар Adata.kz мәліметтерінде Серік Сәпиев Sport Asset Management, Astana Arlans Promotion, Қазақстанның кабадди федерациясы, «Жас Сарбаз» қозғалысы және Алматы облысының кәсіпқой бокс федерациясы сияқты ұйымдардың құрылтайшылары қатарында көрсетілген.

Серік Сәпиев Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасынан жанжалмен кеткен еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар