Жұмыссыздарға берілетін төлемдер қазаннан бастап қысқартылмайды - министрлік
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыссыздарға берілетін төлемдер 1 қазаннан бастап қысқартылмайтынын айтты, деп хабарлайды kursiv.Media.
Министрлік мәліметінше, 1 қазаннан бастап жұмыспен қамту қызметтерінің жұмысын жаңарту бойынша тек пилоттық кезең басталады. Оның аясында жұмыссыз мәртебесі берілгенге дейін лайықты жұмысты іздеу кезеңі екі күннен 13 күнге дейін ұзартылады.
Еңбекмині бұл уақыт ішінде мансап орталықтарының мамандары ізденушінің кәсіби тәжірибесін, дағдылары мен қажеттіліктерін егжей-тегжейлі бағалай алатынын жеткізді.
Сондай-ақ пилоттық жоба мансап орталықтары мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры филиалдарының мамандарын оқытуды көздейді. Басты назар профильдеу сапасына, бос орындарды таңдауға, азаматтарды жұмысқа орналасқанға дейін сүйемелдеуге аударылады.
Пилоттық кезеңде жұмысынан айырылылған азаматтар төлемақыны қолданыстағы ережелер бойынша алады. Яғни, әлеуметтік төлемге құқығы бар азаматтар ақшаны бұрынғы шарттармен алу мүмкіндігін сақтап қалады.
Ал төлем ұзақтығына қатысты өзгерістер 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Бұған дейін «kursiv.media» 2026 жылғы 1 қазаннан бастап жұмысынан айырылу бойынша төлемнің ең ұзақ мерзімі үш айға дейін қысқаратынын хабарлаған еді.
- Соңғы
- Қыркүйек, 12
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 11
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
13 қыркүйек 2026