Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Трамп Тоқаевты Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады

kz.kursiv.media

Трамп Тоқаевты Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады

АҚШ Президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында арнайы құттықтау хатын жолдады. Ақ үй басшысы екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті жоғары бағалап, Қазақстан Президентінің көшбасшылық қасиеттерін ерекше атап өтті.

Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, АҚШ Президенті өз жеделхатында қазақстандықтарды айтулы мерекемен құттықтаған.

Дональд Трамп өз құттықтауында Қазақстанның 1991 жылы Тәуелсіздік алған сәттен бері жеткен жетістіктеріне тоқталып, екіжақты ынтымақтастықтың келешегіне сенім білдірді:

«Құрметті Президент мырза! Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында жылы лебізімді қабыл алыңыз! Миллиондаған қазақстандық Астанада және елдің түкпір-түкпірінде 1991 жылы республика Тәуелсіздігі жарияланғаннан бері көздің қарашығындай сақтап, еселей түскен бай мәдениетін, тарихи мұрасын және қайталанбас келбетін ерекше мақтанышпен паш етеді».

Сонымен қатар, АҚШ басшысы екі мемлекет арасында қалыптасқан тығыз қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын жеткізді:

«Мемлекеттеріміз арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жоғары бағалаймын және мен президенттік лауазымды атқарған екі мерзімде қалыптасқан берік байланысты одан әрі нығайтамыз деп сенемін».

Жеделхат соңында Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік басқарудағы рөліне ерекше тоқталып, Қазақстан халқына жылы лебізін білдірді:

«Қазақстан халқының бағына орай, Сіз сияқты тегеурінді әрі батыл көшбасшысы бар. Осы қуанышты сәтті сіздермен бөлісу – мен үшін зор мәртебе».

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар