Телефонды түнде қуаттау қауіпті – ТЖМ
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды телефон және өзге де электронды құрылғыларды түнде қуаттамауға шақырды.
Министрліктің мәліметінше, ақаулы зарядтау құрылғылары, зақымдалған сымдар, сапасыз немесе сертификатталмаған аксессуарлар қысқа тұйықталуға, құрылғының шамадан тыс қызуына және өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.
«Әсіресе телефон, планшет және басқа да электронды құрылғыларды түнгі уақытта ұзақ уақыт бойы бақылаусыз қуаттауға қалдыру қауіпті. Құрылғыны төсек, диван, жастық немесе көрпе үстінде қуаттау кезінде жылу дұрыс тарамай, оның қызып кету қаупі артады», – делінген ақпаратта.
Ескеретін нәрсе, қуатталып жатқан құрылғыларды перде, қағаз және басқа да тез тұтанатын заттардың жанына қоюға болмайды. ТЖМ тек жарамды және сапалы зарядтау құрылғыларын пайдалану қажеттігін ескертеді. Зақымдалған сымдар мен ақаулы электр жабдықтарын қолданбаған жөн.
«Гаджеттерді жұмсақ жиһаздың үстінде қуаттамаңыз және ұзақ уақыт бақылаусыз қалдырмаңыз. Қуаттау аяқталғаннан кейін зарядтау құрылғысын электр желісінен ажыратыңыз», – деп кеңес береді ТЖМ.
Мұның алдында ТЖМ баланы терезеден құлап кетуінің алдын алу бойынша ата-аналарға арналған арнайы нұсқаулық жария еткен еді.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 13
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 12
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
14 қыркүйек 2026