Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Модератор қарсы болса да: Рыбакина қазақстандық журналистің сұрағына жауап берді

kz.kursiv.media

Модератор қарсы болса да: Рыбакина қазақстандық журналистің сұрағына жауап берді

Үлкен дулыға турнирлерінің бірі – US Open турнирінің баспасөз жиынында қызықты да әсерлі оқиға орын алды. Модератор баспасөз конференциясын аяқтап, Елена Рыбакинаны шығарып салуға ыңғайланған сәтте, залдағы қазақстандық журналист Ердана Ержанұлы соңғы сұрақты қою мүмкіндігін алды.

Баспасөз конференциясының модераторы брифингті жабық деп жариялап, Еленаға алғыс айтқан кезде, отандық тілші дауыс көтеріп, өзінің Қазақстаннан келгенін жеткізді.

«Ол да, мен де Қазақстаннанбыз! Бұл жердегі жалғыз қазақстандық журналист – мен ғана. Ел атынан соңғы сұрақты қоюға рұқсат етіңіздерші», – деп түсіндірді тілші ұйымдастырушыларға.

Бастапқыда модератор мұндай тәртіпке қарсылық білдіргенімен, Елена Рыбакинаның өзі журналиске қолдау білдіріп, сұраққа жауап беруге дайын екенін білдірді. Үйымдастырушылар теннисшінің келісімін көрген соң, микрофонды қазақстандық журналиске берді.

Журналист өзінің сұрағында Еленаны тарихи жетістігімен құттықтап, бұл жеңістің Қазақстандағы жастар мен спортқа ұмтылған өрендер үшін маңызы зор екенін атап өтті. Осы орайда ол Рыбакинадан елдегі жанкүйерлеріне арнайы лебізін білдіруді өтінді.

Елена Рыбакина өзіне сенім артқан барша қазақстандықтарға ыстық ықыласы мен алғысын жеткізді:

«Ең алдымен, маған қолдау білдіріп, сенім артқан барша жанға үлкен алғыс айтқым келеді. Елге барған соң, осы қуанышты сәтті мені қолдап, жарыстарымды тамашалаған барша қазақстандықпен, әсіресе балалармен бірге бөліскім келеді. Қазір теннис орталықтарына келіп, осы спортпен айналысқысы келетін жас өрендердің қатары көбейіп жатқанын айтып та, көріп те жүрмін. Меніңше, бұл – керемет құбылыс. Осындай үлкен жетістікті бүкіл ел болып бірге атап өтсек деймін», – деді теннисші.

A post shared by Yerdana Yerzhanuly (@yerdanashares)

Оқи отырыңыз: Елена Рыбакина жеңісін Қазақстанға барып атап өткісі келетінін айтты

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар