Елена Рыбакина жеңісін Қазақстанға барып атап өткісі келетінін айтты
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Нью-Йоркте өткен АҚШ ашық біріншілігінің (US Open-2026) финалында әлемнің 1-ші ракеткасы Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіп, тұңғыш рет US Open кубогын иеленді.
Матчтан кейін өткен баспасөз конференциясында Елена Қазақстандағы жанкүйерлері мен өзін қолдаған барша отандастарына ыстық ықыласын білдіріп, елге келу жоспарымен бөлісті:
«Маған сенім артқан және соңына дейін жанкүйер болған барша отандастарыма шексіз алғыс айтамын. Мен әлі Қазақстанға жеткен жоқпын, бірақ жақын арада елге баруды жоспарлап отырмын. Бұл үлкен жеңісті, осы қуанышты сәтті елімдегі халықпен, өзімді қолдаған жанкүйерлермен, әсіресе балалармен бірге атап өткім келеді. Қазір Қазақстанда тенниспен айналысқысы келетін жас жеткіншектердің өте көп екенін көргенде қатты қуанамын. Осы тарихи жетістікті барлығымыз бірге елге барып тойласақ деймін».
US Open жеңімпазы ретінде Елена Рыбакина 5 500 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы мен 2000 рейтингтік ұпай еншіледі.
Еске сала кетейік, қазақстандық теннисші АҚШ ашық біріншілігінің кубогының финалынад Арина Соболенко тартысты үш сетте ұтқан еді.
Алайда Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шыққан кезде-ақ финалдық матчтың нәтижесіне қарамастан WTA әлемдік рейтингінде бірінші орынға көтерілетінін қамтамасыз еткен еді. Рейтингтің ресми жаңартылуы 14 қыркүйекте өтеді.
Бұдан бөлек, президент Елена Рыбакинаны АҚШ ашық біріншілігіндегі тарихи жеңісімен арнайы құттықтады.
- Соңғы
-
-
- Қыркүйек, 12
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 11
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
13 қыркүйек 2026