25,8 млн көлік: жазда қай ақылы жолдар ең көп пайдаланылды
Қазақстанда жаз айларында ақылы жолдармен 25,8 млн-нан астам көлік жүріп өткен. Ең жоғары көрсеткіш Алматы – Қонаев бағытында тіркелді, үш айда бұл учаскеден 4,3 млн-нан астам көлік өткен. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәлімдеді.
2026 жылғы 1 маусым мен 31 тамыз аралығында республикалық маңызы бар 28 ақылы жол учаскесінде 25 818 167 көлік жүріп өту дерегі тіркелген. Бұл тәулігіне орта есеппен 281 мыңға жуық көлік деген сөз.
Ең көп сұраныс түскен үш бағыт:
Сондай-ақ Тараз – Қайнар, Астана – Теміртау, Астана – Щучинск, Шымкент – Қызылорда және Қонаев – Талдықорған бағыттарында көлік қозғалысы жоғары болған.
Ең көп көлік жүрген алғашқы 10 учаскеге жалпы 18,2 млн-нан астам көлік тиесілі. Бұл барлық ақылы жолдардағы жазғы трафиктің шамамен 71%-ын құрайды.
«Автокөлік сапарларының географиясы еліміздің ірі қалаларын байланыстыратын бағыттармен қатар, танымал туристік және демалыс аймақтарына апаратын жолдарға да сұраныс жоғары екенін көрсетеді», – деп хабарлады «ҚазАвтоЖол».
Көлік қозғалысының жоғары болуы қазақстандықтардың ел ішінде автокөлікпен саяхаттауға қызығушылығы артқанын да көрсетеді. Алматы – Қонаев, Астана – Щучинск, Щучинск – Көкшетау, Қарағанды – Балқаш, Қызылорда – Арал және Үшарал – Достық бағыттары туристік сапарлар үшін маңызды көлік арналарына айналып келеді.
«ҚазАвтоЖол» жолдардың сапасы мен қауіпсіздігін жақсарту, сондай-ақ жол бойындағы сервисті дамыту жұмыстарын жалғастырып жатқанын атап өтті.
Қазір республикалық маңызы бар жолдардың бойында 1 500-ге жуық жол бойындағы сервис нысаны жұмыс істейді. Олардың қатарында жанармай құю станциялары, тамақтану орындары, қонақүйлер және санитарлық нысандар бар.
Сонымен қатар республикалық автожолдар бойында электромобильдерге арналған 60-тан астам электр қуаттау станциясы жұмыс істейді.
Еске салайық, ақылы жолмен жүретін жүргізушілер ақысын алдын ала төлеп, ақша үнемдей алады. Жеңіл көліктер үшін алдын ала төлем жасаған жағдайда жолақы арзанырақ болады.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 13
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 12
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
14 қыркүйек 2026