Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Таиланд қазақстандықтар үшін визасыз жүру мерзімін 30 күнге дейін қысқартты

kz.kursiv.media

Таиланд қазақстандықтар үшін визасыз жүру мерзімін 30 күнге дейін қысқартты

Таиланд үкіметі бірқатар елдің, соның ішінде Қазақстан азаматтары үшін визасыз болу мерзімін 60 күннен 30 күнге дейін азайтты. Жаңа тәртіп 2026 жылғы 15 қыркүйектен бастап күшіне енеді деп хабарлайды Kursiv Media.

Енді екі ел арасындағы үкіметаралық келісімнің негізгі ережелері қолданылады. Оған сай, қазақстандықтар Таиландта визасыз қатардан 30 күнтізбелік күнге дейін қала алады. 80 күн ішінде елде болудың жалпы жиынтық мерзімі 90 күннен аспауы тиіс. Яғни Таиландқа жиі қатынайтын туристердің 6 айдың ішінде елде өткізген барлық күнінің қосындысы 90 күннен аспауы керек.

Бұл шешім елде жасырын жұмыс істейтіндерді тоқтатуға және виза мерзімін ұзарту үшін шекарадан шығып-кіре салатын қулықтардың жолын кесуге бағытталған.

Таиландқа сапар жоспарлаған отандастарымызға бұл өзгерісті алдын ала ескеру ұсынылады. Егер Таиландта 30 күннен астам қалу жоспарланса, қазақстандықтар алдын ала Таиландтың ресми дипломатиялық өкілдіктері арқылы тиісті туристік немесе ұзақмерзімді виза рәсімдеуі қажет.

Оқи отырыңыз: Енді азаматтық алу үшін Америкаға барып, бала туу қиындай түседі

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар