Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шымкентте 15 мыңға жуық туу туралы куәлік онлайн рәсімделді

kz.otyrar.kz

Шымкентте 15 мыңға жуық туу туралы куәлік онлайн рәсімделді

Шымкенттік ата-аналар арасында туу туралы куәлікті онлайн рәсімдеу кеңінен қолданылуда. 2026 жылдың 8 айында қалада 17 мыңнан астам туу туралы куәлік берілсе, оның 15 мыңы цифрлық форматта рәсімделген. Ал шамамен 2 мың куәлік дәстүрлі жолмен алынған.

Баланың дүниеге келуі – ресми түрде құжаттандыруды талап ететін маңызды оқиғалардың бірі. Туу туралы куәлікті тек ХҚКО – ларда ғана емес, сонымен қатар проактивті форматта-SMS арқылы, электрондық үкімет порталы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы ресімдеуге болады.

Бала шетелде дүниеге келген жағдайда, ата-аналар Қазақстан Республикасының елшілігіне немесе консулдығына жүгіну арқылы Қазақстан аумағында белгіленген тәртіппен баланың туу туралы күәлігін тіркей алады.

Тууды тіркеу үшін шет мемлекеттің құзыретті органынан берілген баланың туу фактісін растайтын құжатты ұсыну қажет. Құжат берілген елге байланысты, кейбір жағдайларда оған апостиль қою және қазақ немесе орыс тілдеріне аудару талап етілуі мүмкін.Шетелдік құжат негізінде баланың тууын тіркеу үшін ата-аналар бала туған күннен бастап екі айдан кешіктірмей ХҚКО-ға өтініш беруі қажет. Туу тіркелгеннен кейін ата-аналар балаға қажетті құжаттарды және тиісті мемлекеттік жәрдемақыларды рәсімдей алады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар