Қазығұрт ауданында шаруа қожалық жылыжайдан жылына 400 мың түпке жуық гүл жинайды
Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов Тұрбат ауыл округіне жұмыс сапарымен барып, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Жұмыс сапары барысында аудан әкімі «Пасека бал» шаруа қожалығына барды. Қожалық 2010 жылдан бері омарташылықпен, бал өндірумен қатар, жылыжай шаруашылығын дамытып келеді.
Бүгінде шаруашылықтың жалпы жер көлемі — 2 гектар. Оның ішінде 0,80 гектар алқапқа қызанақ егіп, жылына 360 тонна өнім жинайды. Ал 1,20 гектар жерге түрлі гүл егіп, жылына 372 мың түп өнім алынады.
Заманауи агротехнологияларды тиімді пайдаланып отырған шаруашылықта өсірілген өнімдердің сапасына ерекше мән беріледі. Жылыжайда өндірілетін қызанақ пен гүл өнімдері жоғары сұранысқа ие. Дайын өнімдер Шымкент, Түркістан қалаларындағы және аудан орталығындағы базарларға жөнелтіліп, тұтынушыларға жеткізіледі. Қазіргі таңда шаруа қожалықта 16 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Аудан әкімі шаруашылық иесіне ауыл шаруашылығын одан әрі дамытуға, жылыжай көлемін ұлғайтуға және өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қатысты ұсыныс-пікірлерін білдірді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
14 қыркүйек 2026