Семейде оқушы сыныптасына 15 жерден пышақ сұққан
Семейде 13 жастағы жасөспірім сыныптасына 15 жерден пышақ сұққан, деп хабарлайды Kursiv.Media КТК арнасына сілтеме жасап.
Оқиға қалай басталғаны әзірге анықталып жатыр. Оқиғадан кейін 13 жастағы екі жасөспірім де ауруханаға түсті. Олардың бірі 15 рет пышақ жарақатын алған. Бала көршілерінен көмек сұрап үлгерген.
Дәрігерлердің айтуынша, бала өлім аузынан аман қалды. Ота шамамен төрт сағатқа созылған. Жасөспірім үш тәулік бойы жансақтау бөлімінде жатты. Қазір оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланды.
Оқиғаның екінші қатысушысы да ауруханаға жеткізілді. Жарақаттары қаралғаннан кейін ол үйіне жіберілді. Балалар Сулы кентіндегі № 52 мектепте оқиды.
Мектеп директорының айтуынша, екі бала да есепте тұрмаған.
«Екі бала да ешқандай есепте тұрмаған. Екеуі де бір сыныпта оқиды, жақсы достар. Оқиға түстен кейін үйлеріне қайтқан кезде мектептен тыс жерде түсініспеушіліктен болғанын естідік», – деді мектеп директорының міндетін атқарушы Гүлжан Сағымғали.
Полиция бір оқушы ауруханада екенін, екіншісіне қатысты бұлтартпау шарасы қолданылғанын айтты.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Іс дене жарақатын келтіру фактісі бойынша тергелуде.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 14
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
15 қыркүйек 2026