Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда цифрлық активтер нарығы лицензиялау кезеңіне өтеді

kz.kursiv.media

Қазақстанда цифрлық активтер нарығы лицензиялау кезеңіне өтеді

Қазақстандағы цифрлық активтер нарығы пилоттық жобалар кезеңінен лицензияланатын қызмет форматына көшеді. Бұл жайлы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Оның айтуынша, нарықтың негізгі инфрақұрылымы қалыптасып, цифрлық активтермен операция жасауға қажетті сервистер кезең-кезеңімен іске қосылып жатыр. KASE цифрлық қаржы активтері платформасы мен цифрлық активтер сауда платформасының операторы мәртебесін алды.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында KASE-нің цифрлық платформасында биткоин фьючерсіне негізделген ETF бойынша 20,5 млрд теңгеге 34 мың мәміле жасалған. Сонымен қатар үш криптоактивке арналған жаңа ETF бойынша 1 млрд теңгеге жуық 650 мәміле тіркелді.

Қазір қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау бойынша үш лицензияланған оператор жұмыс істейді. Алғашқы екі айда олардың жалпы айналымы шамамен 2 млрд теңгеге жеткен. Бұдан бөлек, тағы бес компания лицензия алу рәсімінен өтіп жатыр.

Ұлттық банк басшысының сөзінше, цифрлық активтерді сақтау инфрақұрылымы да дамып келеді. Сонымен қатар криптофиаттық сервистер кеңейіп, криптокарталар, крипто-QR және криптоэквайринг сияқты құралдар нарыққа енгізілуде.

«Қысқа мерзім ішінде ауқымды жұмыс атқарылып, нарықтың толыққанды инфрақұрылымы қалыптасты. Негізгі элементтер бүгінде жұмыс істеп тұр», – деді Тимур Сүлейменов.

Тағы да оқыңыз: Қазақстанда мемлекеттік құнды қағаздар нарығы айтарлықтай өсті

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар