Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы кубогын қолына алды (фото)

kz.kursiv.media

Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы кубогын қолына алды (фото)

Әлемнің бірінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингінде бірінші орынға көтерілгені үшін арнайы трофеймен марапатталды, деп хабарлайды Kursiv.Media WTA- ге сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, Рыбакина US Open – 2026 турнирінің финалында беларусьтік Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен ұтып, чемпион атанған болатын. Бұл титул Елена үшін «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі үшінші жеңісі болды.

Тұғыр биігінен көрінген отандық спортшының трофейді салтанатты түрде қабылдап жатқан сәтінен фотосуреттерді әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) ресми парақшасында жариялады.

«Биік шыңнан көрініс (View from the top)», – деп жазды WTA суреттердің астына.

Сонымен қатар Рыбакина АҚШ-тың танымал CBS Mornings таңғы телешоуына қатысып, тікелей эфирде өзінің жаңа мәртебесі мен соңғы тарихи жетістіктері туралы айтып берді.

A post shared by WTA (@wta)

Елена Рыбакина 2026 жылғы WTA Маусымдық қорытынды турниріне (WTA Finals) қатысуды ресми түрде мерзімінен бұрын қамтамасыз еткен алғашқы теннисші атанды.

WTA Finals-2026 турнирі 8-15 қараша аралығында Индиан-Уэллс(АҚШ) корттарында өтеді. Жарыста маусым қорытындысы бойынша жекелей сындағы ең үздік 8 теннисші бақ сынайды.

Рыбакина 2026 жылғы маусымында Australian Open мен US Open турнирлерін жеңіп алып, өз мансабында алғаш рет WTA әлемдік рейтингін бастады.

Елена үшін төртінші қорытынды турнир болмақ. Ол алғаш рет бұл жарысқа 2023 жылы қатысса, өткен маусымда бірде-бір рет жеңілмей, негізгі трофейді басынан асыра көтерген болатын.

Осылайша, Индиан-Уэллсте Рыбакина өзінің чемпиондық титулын қорғайды. Егер ол тағы да жеңіске жетсе, Серена Уильямстың жетістігін қайталап, Қорытынды турнирді екі жыл қатарынан ұтып алған бірінші теннисші атанады.

WTA Finals – әйелдер арасындағы кәсіби теннистің жыл қорытындылайтын ең беделді турнирлерінің бірі. Жекелей сында 8 қатысушы 4 теннисшіден екі топқа бөлінеді. Әр топтан ең үздік шыққан екі спортшы жартылай финалға өтіп, чемпионды анықтайды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар