Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда криптовалютамен QR-код арқылы төлем жасауға болады

kz.kursiv.media

Қазақстанда криптовалютамен QR-код арқылы төлем жасауға болады

Қазақстанда цифрлық активтерді күнделікті төлемдерде пайдалану мүмкіндігі кеңейіп келеді. Қазір азаматтар тауарлар мен қызметтер үшін QR-код арқылы криптовалютамен төлей алады, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ғиззат Байтұрсынов Үкімет отырысында жаңа сервис Binance Kazakhstan пен Alatau City Bank бірлесіп іске қосқанын айтты.

Төлем кезінде пайдаланушы цифрлық активпен есеп айырысады, ал сауда нүктесі қаражатты теңгемен алады.

«Пайдаланушы сатып алған тауары немесе қызметі үшін QR-код арқылы цифрлық активпен төлейді, ал сатушы қаражатты теңгемен алады. Бүгінде бұл сервис Қазақстан бойынша 5 мыңнан астам сауда нүктесінде қолжетімді. Осы уақытқа дейін 100-ден астам транзакция жүргізілді», – деді Байтұрсынов.

Жобаны одан әрі кеңейту жоспарланып отыр. Келесі кезеңде төлем жүйесін Halyk Bank, Freedom Pay және Tarlan платформаларымен интеграциялау көзделген.

Сонымен қатар күнделікті төлемдер үшін теңгеге байланған стейблкоинді енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл цифрлық активтерді Қазақстандағы күнделікті есеп айырысуларда қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік бермек.

Тағы да оқыңыз: Бірыңғай QR-код арқылы жасалған төлемдер көлемі 400 млрд теңгеге жетті

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар