2025 жылы майнинг саласынан түскен салық көлемі 22,4 млрд теңгеге жетті
Майнинг саласынан түсетін салық көлемі жыл сайын оң динамика көрсетіп келеді. 2023 жылы бюджетке 9 млрд теңге, 2024 жылы 9,9 млрд теңге ал 2025 жылы 22,4 млрд теңге салық түскен деп хабарлайды Kursiv.Media.
Жасанды интеллект вице-министрінің айтуынша, бүгінде Қазақстанда 76 лицензияланған майнер және 5 аккредиттелген майнинг пулы жұмыс істейді. Құрылған реттеу жүйесі саланың ашықтығын және бюджетке салықтардың түсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Оның айтуынша, майнинг пулдары арқылы өндірілген цифрлық активтер туралы тұрақты есептілік алынып, саланың нәтижелері нақты көрінеді.
Сонымен қатар «Астана» халықаралық қаржы орталығы арқылы криптобиржалардың реттелген жүйесі қалыптасты.
«Реттелетін криптобиржалар сегментінде де осындай динамика байқалады. 2022 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығы және қаржылық реттеушілермен бірлесіп криптобиржалар қызметін реттеу жөніндегі пилот іске қосылды. Оның негізінде криптобиржаларды лицензиялау мен жұмыс істетуге арналған толыққанды реттелген орта қалыптасты. Сауда айналымы 2023 жылғы $320 млн-нан 2025 жылы $10,58 млрд-қа дейін өсті. Пайдаланушылар саны 53 мыңнан 215 мыңға дейін артты», – деді Ғиззат Байтұрсынов.
Келесі кезеңде цифрлық активтер саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру және реттелетін цифрлық қаржы инфрақұрылымын дамыту көзделеді.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 14
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
15 қыркүйек 2026