Jibek Joly телеарнасының экс-басшысы Президент Телерадиокешеніне барды
Еркежан Күнтуған Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені директорының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Kursiv Media хабарлайды.
Еркежан Күнтуған бұған дейін де резидент Телерадиокешенінде креативті директор болған. 2023 жылдың қаңтарынан бері Jibek Joly телеарнасының директоры қызметіне тағайындалған. Арнада Silk Way Star халықаралық ән байқауы тәрізді ірі жобаларды жүзеге асырды.
Әр жылдары Atameken Business телеарнасында атқарушы продюсер, «Евразия» телеарнасында креативті продюсер болып қызмет атқарған.
Енді жаңа лауазымда медиаменеджер ҚР Президенті Телерадиокешені қызметінің негізгі бағыттарын үйлестіруі керек. Оның алдында телевизиялық контентті дамыту, ақпараттық және шығармашылық жобаларды іске асыру, сондай-ақ өндірістік үдерістерді жетілдіру деген міндеттер тұр.
Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені – мемлекет басшысының қызметін ақпараттық жағынан қамтамасыз ететін арнайы медиа-ресурс. Қазір кешенді Раушан Қажыбаева басқарады.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 14
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
15 қыркүйек 2026