Freedom SuperApp-тағы "Тимурдың таңдауы": Турлов ұнататын өнімдерін қалай анықтайды?
Freedom SuperApp-тағы «Азық-түлік» сервисі – экожүйедегі маңызды драйверлердің бірі. Бір жылдың ішінде аталған сервистегі сатылым 2 есеге өскен, ал онлайн-супермаркеттің ассортиментінде дәл қазір 27 мыңнан астам тауар бар.
Азық-түлік ритейлі қалай SuperApp-та ең жиі қолданылатын сервистердің біріне айналды? Қазақстанға Жапониядан эксклюзивті тауарларды арзан бағада жеткізудің қандай мәні бар? Ал отбасындағы гастрономиялық әдеттер қалайша «Тимурдың таңдауы» атты арнайы топтамаға айналды? Осы және басқа да сұрақтарға Freedom Holding Corp. компаниясының CEO-сы Тимур Турловтың сұхбатынан жауап таба аласыз.
– Тимур Русланұлы, «Азық-түлік» сервисінде «Тимурдың таңдауы» топтамасы қалай пайда болғаны жөнінде баяндап берсеңіз? Бұл команданың әлде өзіңіздің идеяңыз ба?
– Шынтуайтында бұл менің жұбайымның идеясы. Бұрын-соңды отбасымның тұтынатын азық-түлігі әлдебіреуді қызықтырады деп ойламаппын. Бірақ егер бұл қолданушыларға пайдалы болса – жасап көрейік дедім (күлімдеді). Топтамаға біз шын мәнінде сатып алып жүрген, бізге ұнайтын әрі отбасымызмен ас ішкенде үстел үстінде жиі тұратын өнімдер енді.
– «Тимурдың таңдауы» топтамасында сүт өнімдері секілді күнделікті тұтынатын тауарлардан бөлек, мәселен, онигири сынды сублимацияланған жаңа өнімдер де бар екенін байқадық. Мұндай өнімдерді алу жұбайыңыздың бастамасы ма? «Жапониядан мол қылып азық-түлік алып келейік» деп кім айтты?
– Бұл іске мені жұбайым желпіндірді. Ол азық-түлік пен тамаққа қатысты дүниені маған қарағанда жақсы біледі. Жұбайыма түрлі тамақтар істеп, жаңа эксперименттер жасап көргенді ұнатады.
Жұбайым екеуміз Жапониядағы базарлар, супермаркеттер мен тасымалдаушыларды аралап, біздің нарыққа қандай тауарлардың жетіспейтінін, нені әкелген дұрыс болатынын және қандай өнімдерге сұраныс болуы мүмкін екенін бірге қарастырдық. Сондықтан импорттық тауарлардың арасында біздің жеке бастамамызбен қосылған позициялар да бар. Кейбір өнімдерге біз ерекше маңыз бердік және оларды Қазақстанға жеткізуге өзіміз атсалыстық.
Сонымен қатар біз бұл сервистің өзіміздің жеке талғамымызға емес, барлық қазақстандықтарға арналғанын ескердік. Өзіміз үшін өнімдерді онсыз да тапсырыспен алдыра аламыз ғой. Сондықтан біз үшін бұл бастаманың экономикалық тұрғыдан пайдалы және өнімдер аудиторияның сұранысына жауап беруі маңызды болды. Әрі сұраныс шынымен де артып келеді: жыл басынан бері жапон тауарларына тапсырыстың үлесі 8,6 есеге өскен.
– Сонда шетелден келетін тауарларды таңдағанда, көбіне-көп түйсікке сүйенесіздер ме?
– Осы тұста ескерте кететін бір жайт бар! «Азық-түлік» сервисінде жеткізушілермен жұмыс істеп, импортты жолға қоятын категориялық менеджерлер бар. Олар аналитика, халықтың нені тұтынатына қатысты нақты есептерге сүйенеді әрі нарықты жақсы біледі.
Бұл істе біз айрықша заттарға ден қойып, нарықтағы басқа ойыншылар істемейтін іске ұмтылдық. Ассортиментімізді басы артық заттарды қоспай, Еуропадан не Жапониядан келген нақты қажет азықтармен толтыруға тырыстық.
Дегенмен бұл істе қыруар жұмысты команда атқарады. Айталық, бізде нарығымыз үшін бірегей Белорусиядан келген өнімдер пайда болды. Бұл іске жұбайым да араласты. Бірақ жұмыстың негізгі бөлігін команда жасады. Бұл істе жұбайым Жапониядағыдай алыс жолға шығып, тауарларды жеке-жеке таңдап жүрмеді.
– Сонда сіздер тренд қалыптастырып, команда соны іліп әкетіп, идеяны әрмен қарай дамыта түсті ме?
– Адамдарды қанаттандырып, бағыт қалыптастырып және команда идеяны әрі қарай жетілдіруі үшін қажетті жағдайды жасау – менің негізгі жұмысым!
Жалпы алғанда азық-түлік ритейлиі мен e-grocery бизнесі – өте күрделі іс. Мұны біз аталған іске тереңдеп енген сайын түсініп келеміз. Тіпті нағыз өнер десе де болады. Бір мәселені шешсең – бірден келесі бір мәселе шығады.
Бір қарағанда азық-түлік сату – оңай іс болып көрінеді. Түсінікті бизнес, барлық дүкендер сатып жатыр. Азық-түлікті сату – Қазақстандағы ең кең тараған іс пе дерсіз! Елімізде мыңдаған майда дүкен бар. Бірақ іс жүзінде аталған істі ауқымды түрде, технологиялармен дамытқыңыз келсе, күрмеуі қиын іске тап боласыз.
– «Азық-түлік» сервисінде жапондық Fundokin және Matsuya тұздығы, Koshihikari күріші, Orihiro желесі, матча сияқты Қазақстанда басқа ешбір жерде табылмайтын эксклюзивті өнімдер бар. Бұл көпшілікке мүлдем бейтаныс өнімдер. Оларды сатып алу – қаржылық тұрғыдан тәуекел ғана емес, тұтынушыларды «үйретуге» жұмсалған қомақты шығын. Бұл шешімнің экономикалық тұрғыдан пайдасы бар ма? Қаржылық тұрғыдан аталған эксперимент ақтала ма?
– Егер «Бүгінде бұл істен табыс таптыңдар ма?» деп сұрап тұрсаңыз – әзірге жоқ. Бірақ бұл шығынға батырар жоба да емес. Бәлкім, аталған импорттық тауарларды басқалар сияқты бағасына үш есе қосып сатсақ, көбірек пайда табар ма едік. Бірақ біз оларды, айталық жапон нарығындағы бағамен жеткізуге барымызды салдық. Сондықтан жолай туындайтын барлық шығындарды қоса есептегенде, маржа 300%-ға емес, кәдімгі бөлшек саудадағы орташа маржаға жақын – шамамен 30% болса дедік.
Мұнда ассортиментті қабылдау жөнінде сөз болып тұр. Көп адам «Азық-түлік» сервисіне осындай артықшылықтар болғаны үшін кіріп, жол-жөнекей басқа да күнделікті қажет тауарларды сатып алады. Бұл адамдарды тартатын зәкір болып, қосымша аудитория тартады.
Әлбетте, тұтынушыларды үйрету процесі әлі аяқталмады. Бізде сөрелерді өзгеруге, тауарларды цифрлық ортада ілгерілетуге және оларды нарыққа дұрыс таныстыруға қатысты идеялар көп. Бұл инвестициялық циклдің ұзаққа созылатынына да дайынбыз. Уақыт өте келе тұтынушыларымыз сапалы өнімдерді танып-біліп, оларды ұнататын болады. Егер тауарлар сапалы әрі тиімді болса, түптің түбінде сатылым көлемі мен ассортиментті ұлғайту арқылы біз де бұл істен ұтамыз.
Нарықта жоқ тауарды кіргізіп, оны қымбат бағада сататын болсаңыз, халық арасында сұраныс аз болады. Сосын бұл заттарды ешкім сатып алмайды деген қорытындыға келуіңіз мүмкін. Orihiro желесін 3 есе қымбат бағада сату ақылға қонбайтын іс. Сондықтан біздің импорт – бұл ұзақ мерзімдік инвестиция және біздің бизнес ауқымында ең үлкен бағыт та емес. Тағы да қайталап айтамын, біз бұл істі тиімді етіп үйлестіріп үйрендік және шығынға батып жатқанымыз жоқ. Бәрін ақырын ілгерілетіп келеміз. Іске ілгерілеп кеткенше 2–3 жыл күте тұрамыз. Біз мұнда марафон жүгіріп үйреніп қалдық. Сондықтан аталған іске қатысты қатты алаңдап жүргеніміз жоқ.
– SuperApp-тағы «Азық-түлік» сервисінің интеграциясы қолданушылардың жалпы белсенділігіне қалай әсер етті? Қандай да бір ілгерілеуді байқадыңыз ба? Айталық, азық-түлік сатып алушы клиент, Freedom Bank картасымен жиі төлем жасай ма әлде экожүйедегі басқа қызметтерді сатып ала бастады ма?
– Иә, бұл күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын сервистің бірі. Жұрт аптасына бір, тіпті кейде жетісіне бірнеше мәрте қосымшаға кіріп, азық-түлікке тапсырыс береді. Айталық, клиенттер әуебилеттеріне кіріп, жылына әрі кеткенде 2–3 мәрте ғана билет сатып алады. Әлбетте, тұрақты түрде билет алып тұратын жолаушылар шоғыры бар. Бірақ қарапайым жұрт жылына бірнеше рет қана ұшаққа отырады ғой. Концерттерге билетті де апта сайын сатып ала бермейді. Халықтың кіру және көп отыру жағынан алғанда азық-түлік сервисі экожүйеде ең алдыңғы орында тұр.
Шынымды айтсам, SuperApp-ты енді қалыптастырып жатқанда, бұлай болады деп ойламадым. Мен негізінен іс-шараларға билет не әуебилеттерін сатуға ден қойғам. Ал SuperApp-тың маңызды бөлігі азық-түлік сату болады дегенге аса сенбедім… Қазір бұл, бәрінің көзі жетіп отырған дүние болуы мүмкін. Алайда біз аталған істі енді бастаған мезетте, бәрі мұншалық айқын болмаған еді.
Бірнеше жыл бұрын маған Алексей Ли (Aviata, Ticketon, Arbuz.kz сынды бірнеше істі қатар дөңгелеткен кәсіпкер – Курсив) онлайн-супермаркет идеясын дамытайық деген оймен келгенде, бұл жобаны Алексейге сенгенім үшін ғана қолдадым. Егер осы идеямен басқа біреу келгенде, оны қолдайтыным едім деп айта алмаймын. Бірақ бұл түптеп келгенде дұрыс ой болып шықты.
E-grocery сынды күнделікті қолданылатын сервистер экожүйе үшін маңызды. Сол үшін қазір, біз Түркия нарығына кіруді ойластырып жатқанда, ол жақта экожүйені кеңейту барысында осы бағытты қалай ілгерілететінімізге қатысты әзірге нақты шешімнің болмауы мені қатты алаңдатып отыр.
– «Азық-түлік» сервисі ғана емес, эксклюзив және жеке сауда маркасы сынды бірегей ассортимент қалталы клиенттерді Freedom экожүйесінде ұстап қалуға көмектесе ме?
– Солай боларына сенгіміз келеді. Дегенмен біздегі дата-аналитикаға қарамастан, аталған сұраққа бірдеңе деп нақты кесіп-пішіп жауап беру мүмкін емес.
Шын мәнінде қазір бізде өрістетуді қажет ететін бағыттар жетерлік. Алайда ассортиментті әрмен қарай дамыту керек екеніне сенімдіміз. Ассортиментте жақсы заттар жетерлік, бірақ әлі де жетіспейтін дүниелер көп. Сондықтан аталған сервисті жеке сауда маркамыздың стратегиясы секілді жетілдіруге бар күшімізді саламыз. ЖСМ (жеке сауда маркасы) көлемді болғанын қалаймыз. Іс жүзінде бұл біз әрмен қарай дамытуды көздеген маңызды бағыттың бірі.
Осымен қатар біз бұл қызметті аймақтарға жеткізуді ойластырып жатырмыз. Өйткені Алматы, Астана, Шымкент, Қарағандымен ғана шектелгіміз келмейді. Енді Қазақстанның облыс орталықтарына шығып, қоймалар ашып, SuperApp қолданушылары еліміздегі ірілі-ұсақты кез келген қаласында отырып бай әрі жүйеленген ассортиментке қолы жетуі үшін жеткізу қызметтерін іске қосуды көздеп отырмыз. Бұған әлбетте, бір күнде, не бір жылда жете алмаспыз. Бірақ әрі қарай ұлғаюды жалғастыра береміз.
Қазір ассортимент пен бағаға басымдық беруді көздеп отырмыз. Логистикада екі міндет бар: не арзан әрі сапалы ассортимент ұсыну, не өте жылдам жеткізу. Бұл екі мақсат бір-біріне қайшы келеді. Сондықтан мен ассортимент пен қол жетімділікке ден қоямын. Бұнымен қатар бізде «ауданда» экспресс-жеткізу қызметі жолға қойылып жатыр. Жеке басым мен бұл іске аса басымдық беріп отырғаным жоқ. Сол үшін команда ішінде талас көп. Бірақ олар экспресс-жеткізу қызметіне сеніп отыр.
– Жыл соңында «Тимурдың таңдауы» топтамасының қаржылық әсерін, айталық, ол сервистегі жаңа тауарлар экономикасына әсер етті ме дегенді есептейсіздер ме? Жалпы алғанда, егер қандай да бір тауарға «Тимурдың таңдауы» белгісі қойылса, б
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 14
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
15 қыркүйек 2026