Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Маңғыстауда әскери қызметшіге оқ тиіп, қаза болды

kz.kursiv.media

Маңғыстауда әскери қызметшіге оқ тиіп, қаза болды

Маңғыстау облысындағы «Бейнеу» полигонында өткен атыс жаттығулары кезінде әскери қызметші қаза болды, деп хабарлайды Kursiv.media.

Іnformburo31 ақпаратына қарағанда, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қарумен жұмыс істеу барысында оқ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмған.

«Аталған дерек бойынша Батыс өңірінің әскери-тергеу органдары қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», – делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігі тапсырмасымен оқиға орнына Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев бастаған арнайы комиссия жіберілген.

Ал Алматы облысында Қонаев гарнизонындағы әскери бөлім ғимаратының төртінші қабатынан құлаған 2006 жылғы мерзімді қызметтегі әскери қызметші жан сақтау бөліміне түсті.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар