Алматыда төрт күн жарық болмайды
Жақын күндері күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Алматы қаласы мен облысында электр энергиясы өшіріледі. Бұл туралы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ға сілтеме жасаған Kursiv Media хабарлайды.
Электр қуаты таңертең 08:00-ден кешкі 17:00-ге дейінгі аралықта өшіріледі. Техникалық жұмыстар қаланың бірнеше ауданында жүргізіледі.
15 қыркүйекте жоспарлы жұмыстар Зенков, Қалдаяқов, Құрманғазы, Абылай хан, Шевченко, Желтоқсан, Абай, Жамбыл, Мәуленов, Қабанбай батыр, Сейфуллин, Әйтеке би, Гоголь, Мирзоян, Исаев және басқа да көшелердің жекелеген учаскелерінде өтеді. Розыбакиев – Лисянский – Қожабеков – Радостовец көшелерінің шаршысында. Навои көшесінің бойында, сондай-ақ Медеу ауданындағы Байтасов, Қармысов, Луганский, Бегалин, Бөгенбай батыр және өзге де көшелерде.
16 қыркүйекте күрделі жөндеуге байланысты жарық өшіру Шевченко, Мұқанов, Жамбыл, Байзақов көшелерінде, ал мердігерлік жөндеу — Төле би, Волхов, Исаев, Қазыбек би, Нұрмақов көшелерінде жоспарланған. Бұдан бөлек, Түркістан, Әйгерім-1, Шаңырақ-1, Ақжар, Қарағайлы, Томирис және басқа да шағынаудандарда өтеді.
17 қыркүйекте жұмыстар Көкқайнар, Шаңырақ-1, Тастыбұлақ, Ақжар, Қарағайлы, Думан шағынаудандарында, сондай-ақ Сүйінбай, Уссури, Абай, Сәтбаев, Мыңбаев және басқа да көшелерде жоспарланған.
18 қыркүйекте уақытша өшірулер Әйгерім-1, Қалқаман-2, Қарағайлы, Құрамыс, Көлсай шағынаудандарын, сондай-ақ Достық, Абай, Сүйінбай даңғылдарының және Навои, Уәлиханов, Қонаев, Қабанбай батыр мен басқа да көшелердің жекелеген учаскелерін қамтиды.
«Алатау Жарық Компаниясы» өкілдері бұл шаралар ықтимал апаттық жағдайлардың алдын алуға бағытталған компанияның жүйелі бағдарламасының бір бөлігі екенін нақтылады.
«Жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіледі: бір күні белгілі бір мекенжайлар бойынша, кейінгі күндері қала мен облыстың басқа учаскелерінде атқарылады. Негізгі мақсат: электр желісі жабдықтарының тұрақты әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету» – деп хабарлайды компания баспасөз қызметі.
«Алатау Жарық Компаниясы» тұрғындардан түсіністік танытып, қолдау көрсетулерін сұрайды.
Еске салайық, 14 тамызда Алматыда жарық өшіп, қалада 9 баллдық кептеліс болған еді. Сарапшылар қаладағы ресурстарға түсетін жүктеме артып бара жатыр деп есептейді.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 14
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
15 қыркүйек 2026