Астанада көмір қайда сатылады: әкімдік бағасын жариялады
Астанада көмірдің орташа бағасы белгілі болды. Қазір елордада Шұбаркөл көмірінің тоннасы 19 500 теңге, Қаражыра 18 800 теңге, ал Майкүбі көмірі 16 800 теңгеден сатылып жатыр. Қала тұрғындары отынды бірнеше сату орнынан сатып ала алады деп хабарлайды Kursiv.media.
Астана әкімдігінің мәліметінше, елордада тұрғындарға көмір сататын 14 орын және 10 қойма жұмыс істейді. Олардың барлығы қажетті инфрақұрылыммен және көмірді тиеп-түсіруге арналған техникамен жабдықталған.
Көмір сатумен қалада сегіз компания айналысады.
Көмірді мына мекенжайлардан сатып алуға болады:
Астана әкімдігінің мәліметінше, қазіргі таңда көмірдің орташа бағасы мынадай:
Тұрғындар көмірдің қоры, бағасы және сату орындарындағы қолжетімділігі туралы ақпаратты 109 бірыңғай байланыс нөмірі арқылы біле алады.
Тағы да оқыңыз: Қазақстан Ресей арқылы өзге елдерге 7,8 млн тонна көмір жөнелтті.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
15 қыркүйек 2026