Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ бұрынғы басшысы Пан Ги Мунмен кездесті

kz.kursiv.media

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ бұрынғы басшысы Пан Ги Мунмен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сеулге жасаған мемлекеттік сапары аясында БҰҰ-ның 8-ші бас хатшысы, Жаһандық жасыл даму институтының төрағасы Пан Ги Мунды қабылдады, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Кездесуде президент «жасыл экономика» моделін енгізуге ұмтылған дамушы елдерге қолдау көрсететін GGGI ұйымының жұмысын жоғары бағалады. Бұл бағыт әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға, климат өзгерістеріне төтеп беруге және экономикалық өсімді қамтамасыз етуге тікелей ықпал етеді.

Өз кезегінде Пан Ги Мун Қазақстанның орнықты даму жолындағы жетістіктерін атап өтіп, жаһандық климаттық күн тәртібі шеңберінде серіктестікті одан әрі тереңдетуге әзір екенін жеткізді.

Бұдан бөлек, тараптар Біріккен Ұлттар Ұйымын заман талабына сай реформалау және оның жұмысын жетілдіру мәселелерін де талқылады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар