Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан ғалымдары буын тілдерін қалпына келтіретін технология әзірлеп жатыр

kz.kursiv.media

Қазақстан ғалымдары буын тілдерін қалпына келтіретін технология әзірлеп жатыр

Қазақстанда зақымдалған шеміршек және сүйек тіндерін қалпына келтіруге арналған жаңа технологиялар әзірленуде, деп хабарлайды Kursiv.media.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, осындай әзірлемелердің бірі – Ұлттық биотехнология орталығы академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығымен (ҰҒТОО) бірлесіп әзірлеген инъекциялық биокомпозитті гидрогель.

«Ол зақымдалған аймаққа енгізіліп, тіндердің қалпына келуіне жағдай жасайды. Оның құрамында пациенттің өз мезенхималық дің жасушалары мен өсу факторлары бар», – делінген ақпаратта.

ҰҒТОО травматолог-ортопеді, дәрігер Меруерт Махметованың әзірлемесі тобық буынының асықты жілік сүйегінің остеохондралды кемістіктерін хирургиялық емдеуде жоғары бағаланып отыр.

Айта кететін жайт, Қазақстанда онкологиялық дертке шалдыққандар арасында өлім-жітім 26,6%-ға төмендеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар