Жұмыс орнында темекі шеккен қарағандылық шенеунік жауапқа тартылды
Әлеуметтік желіде ер адамның онлайн жиын кезінде жұмыс орнында электронды темекі шегіп отырған видеосы пайда болды. Кейін оның Қарағанды облысы мәслихат депутаты болуы мүмкін деген нұсқа тарады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Egov.press Telegram-арнасы жариялаған видеоға қарағанда шенеунік Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихат төрағасы Қанат Саққұлақовқа ұқсайды.
Кейінірек Қарағанды облыстық полиция департаменті видеодағы адамның аудандық мәслихат төрағасы екенін растады.
«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері Zoom платформасы арқылы өткен онлайн-кеңес кезінде қызметтік кабинетінде отырып электронды темекі шеккен ер адамның видеосын анықтады. Тексеру нәтижесінде азаматтың жеке басы анықталды. Ол Қарағанды облысы Осакаров ауданы мәслихатының төрағасы болып шықты», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Аталған факт бойынша ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
15 қыркүйек 2026