Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда ресейлік компаниялар азайып барады (инфографика)

kz.kursiv.media

Қазақстанда ресейлік компаниялар азайып барады (инфографика)

Қазақстанда Ресейге тиесілі тіркелген бизнес субъектілерінің саны жыл басынан бері азайды. Kursiv Media Ұлттық статистика бюросының деректерін салыстырып көрді.

2026 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстанда шетелдік меншік нысанындағы 22,6 мың ресейлік заңды тұлға, филиал және шетелдік заңды тұлға филиалы тіркелген. Жыл басында олардың саны 22 821 болған. Осылайша сегіз айда көрсеткіш 221 субъектіге немесе шамамен 1%-ға төмендеді.

Ресейлік бизнес субъектілерінің саны жыл бойы бір бағытта төмендеген жоқ. Қаңтар басындағы 22 821-ден кейін ақпанда көрсеткіш 22 771-ге, наурызда 22 774-ке, сәуірде 22 760-қа түсті.

1 мамырда олардың саны 22 545-ке дейін азайып, биылғы ең төмен деңгейге жетті. Кейін көрсеткіш қайта өсе бастады: маусымда — 22 600, шілдеде — 22 628, тамызда — 22 691. Алайда қыркүйек басында қайтадан 22 600-ге түсті.

Яғни мамырдағы айтарлықтай төмендеуден кейін ресейлік бизнестің саны біршама қалпына келгенімен, әзірге жыл басындағы деңгейіне оралған жоқ.

Ресейге тиесілі тіркелген субъектілердің бәрі бірдей белсенді жұмыс істеп тұрған жоқ. Жыл басында олардың 17 348-і жұмыс істеп тұрса, 1 қыркүйекте бұл көрсеткіш 17 238-ге дейін төмендеді.

Айырма — 110 субъект немесе 0,6%. Дегенмен жұмыс істеп тұрғандардың тіркелген субъектілер ішіндегі үлесі шамамен 76% деңгейінде сақталды.

Шетелдік меншік нысанындағы тіркелген заңды тұлғалар,филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары

Бұдан бөлек, ҰСБ Ресей қатысатын бірлескен меншік нысанындағы бизнесті бөлек есептейді.

Жыл басында мұндай 4 798 субъект тіркелген болса, қыркүйек басында саны 4 740-қа түсті. Яғни 58-ге немесе 1,2%-ға азайған.

Ал жұмыс істеп тұрған бірлескен субъектілердің саны іс жүзінде өзгерген жоқ: 3 719-дан 3 717-ге дейін ғана төмендеді.

Егер шетелдік меншік пен Ресей қатысатын бірлескен меншікті бірге есептесек, жыл басында Қазақстанда 27 619 ресейлік немесе Ресей қатысатын субъект болған. Қыркүйекке қарай олардың саны 27 340-қа түсті. Жалпы қысқару — 279 субъект немесе шамамен 1%.

Саны азайғанына қарамастан, Ресей Қазақстанда тіркелген шетелдік бизнес саны бойынша әзірге бірінші орында тұр.

1 қыркүйектегі жағдай бойынша Ресейге тиесілі шетелдік меншік нысанындағы субъектілер саны — 22 600. Одан кейін Өзбекстан — 10 905 және Қытай — 9 283 субъект. Яғни Ресей көрсеткіші екінші орында тұрған Өзбекстаннан екі еседен астам көп.

Бұл ретте жалпы Қазақстандағы шетелдік бизнестің саны өсіп келеді. 2026 жылдың басында шетелдік меншік нысанындағы 63 946 субъект тіркелсе, қыркүйек басында олардың саны 72 211-ге жеткен. Бұл шамамен 12,9% өсім.

Осыған байланысты ресейлік субъектілер саны аздап төмендеп жатқанда, Қазақстан нарығына басқа елдерден келетін бизнестің жалпы саны айтарлықтай өсіп отыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар