Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстандықтарға Қытайға кіруге 5 жылға дейін тыйым салынуы мүмкін

kz.kursiv.media

Қазақстандықтарға Қытайға кіруге 5 жылға дейін тыйым салынуы мүмкін

Қытайда 15 қыркүйектен бастап елге кіру және одан шығудың жаңа тәртібі енгізілді. Виза рәсімдеу кезінде немесе шекаралық бақылаудан өту барысында жалған мәлімет берген шетел азаматтарына Қытайға бес жылға дейін кіруге тыйым салынады.

Жаңа ережелерге сәйкес, құжаттарды тексеру тәртібі өзгереді. Енді иммиграциялық бақылаудан өтуге бұрынғыдан көбірек уақыт кетуі мүмкін.

Қытайға баратын немесе елден ұшып шығатын қазақстандықтарға сапарға қажетті құжаттарының, соның ішінде паспортының бар-жоғын және дұрыстығын алдын ала тексеру ұсынылады. Сондай-ақ Қытайға кіру және елден шығуға қойылатын өзекті талаптармен алдын ала танысып алған жөн.

«Әуежайға ұшуға кемінде 3 сағат қалғанда келуге кеңес береміз. Паспорттық және иммиграциялық бақылаудан өтуге қосымша уақыт қарастырған дұрыс», – деп хабарлады FlyArystan әуе компаниясы.

Сонымен қатар әуекомпания жаңа шектеулерге қарамастан, Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режимнің сақталатынын еске салды. Қазақстан азаматтары Қытай аумағында бір сапар барысында 30 күнге дейін визасыз бола алады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар