US Open финалында Рыбакинадан жеңілген теннисші айыппұл төлеуі мүмкін
Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Арина Соболенко US Open-2026 турнирінің финалында жеңілгеннен кейін ірі көлемде айыппұл арқалауы мүмкін, деп хабарлайды Kursiv.Sport.
GMS басылымының ақпаратына сүйенсек, беларусьтік теннисші Арина Соболенко қазақстандық Елена Рыбакинадан ұтылған соң эмоциясын ұстай алмады. Өз орындығына оралған ол ракеткасын кортқа бірнеше рет ұрды.
Кейінірек оператор оның бұл сәтін таспаға түсірмек болғанда, Соболенко қолымен серпіп, оған ағылшын тілінде дөрекі сөз айтқан.
Басылымның мәліметінше, турнир ұйымдастырушылары оғанг ереже бұзғаны үшін 70 мың долларға дейін (31,6 миллион теңге) айыппұл төлетуі мүмкін.
Оқиғадан кейін Соболенко өз әрекетін баспасөз мәслихатында түсіндірді.
«Үлкен дулыға турнирінің финалында, оның үстіне қатардан үш рет чемпион атану мүмкіндігі туғанда жеңіліп калу – эмоцияны тізгіндеуді қиындатады. Егер бәрін ішімде сақтағанымда, қазір де, кортта да бір ауыз сөз айта алмас едім. Ондағы реакциям тіпті сорақы болар еді. Мен бойымдағы бар ашу-ыза мен өкінішті сыртқа шығарғым келді», – деді Соболенко.
Айта кету керек, бұл әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасының карьерасындағы алғашқы жағдай емес. Бұған дейін де Соболенко кортта бірнеше рет ашуға бұлыққан. Мәселен,. Australian Open-2025. Мэдисон Кизден финалда ұтылған соң ол тағы да ракеткасын сындырған еді.
Ал US Open-2023 турнирінде Кори Гауффтан жеңілгеннен кейін беларусьтік теннисші киім ауыстыратын бөлмеде ракеткасын еденге бірнеше рет ұрып, қоқыс жәшігіне тастаған.
Өткен жылғы WTA финалдық турнирінің шешу кезеңінде (онда да қазақстандық спортшы жеңіске жеткен) Соболенконың жүйкесі матч кезінде-ақ сыр берді. Арина Рыбакинаның кезекті сәтті ұпайынан кейін өз командасына: «Жылына бір рет ағашпен де атуға болады», – деп айқайлаған.
АЙта кетейік, Елена Рыбакина 9 901 ұпай жинап, бұған дейін бірінші орында тұрған Арина Соболенкодан (7 875 ұпай) айтарлықтай басым түсті.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
15 қыркүйек 2026