Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

QR төлемдер шетелге шығады: қазақстандықтар жаңа мүмкіндікті қашан пайдаланады

kz.kursiv.media

QR төлемдер шетелге шығады: қазақстандықтар жаңа мүмкіндікті қашан пайдаланады

Қазақстанда мобильді төлемдердің банкаралық жүйесіне жаңа сервистер қосу жоспарланып отыр. Қазір жүйеге елдегі барлық банктер қосылған, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Үкіметтегі брифингте Ұлттық банктің төлем жүйелері және цифрлық қаржы технологиялары департаментінің директоры Ерлан Ашықбеков бүгінде жүйе арқылы банктер арасында мобильді нөмір бойынша ақша аударуға болатынгын айтты.

Алдағы уақытта оның функционалын кеңейтіп, заңды тұлғалар арасындағы төлемдерді жеделдету тетіктерін енгізу көзделіп отыр.

«Басты мақсат – осы жүйенің тиімділігін арттыру және оған жаңа сервистерді қосу. Бұл бағытта банктермен тығыз жұмыс істеп жатырмыз», – деді Ерлан Ашықбеков.

Сонымен қатар банкаралық төлем жүйесін шетелдік жүйелермен интеграциялау мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл қазақстандықтарға болашақта QR-код арқылы шетелде төлем жасауға мүмкіндік беруі мүмкін.

Қазір бұл бағытта шетелдік әріптестермен техникалық талаптар мен бизнес-модельдер пысықталып, тиісті жобалар әзірленіп жатыр.

Ашықбеков халықаралық төлемдер іске қосылған жағдайда валюталық операцияларға қолданыстағы заңнама аясында бақылау сақталатынын атап өтті.

Сондай-ақ елімізде криптовалютамен QR-код арқылы төлем жасауға болатыны белгілі болды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар