Абай облысында қатты жел табиғи өртті сөндіруге кедергі келтірді
Абай облысында Аягөз ауданы Мыңбұлақ ауылдық округінің Арасан учаскесіндегі табиғи өрт оқшауланды, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарушылар жекелеген ошақтарды сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Жұмысқа таулы әрі жетуі қиын жерлер, сондай-ақ қатты желдің екпіні кедергі келтіруде. Соның салдарынан өрт құрғақ шөптің үстімен тез тараған.
«Өртті сөндіруге ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар және орман шаруашылығының 300-ге жуық қызметкері мен 55 техникасы жұмылдырылды», – деп хабарлады ТЖМ.
Ведомствоның мәліметінше, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Айта кететін жайт, осыған дейін Петропавлдағы Екібастұз қаласын бірнеше күннен бері қою түтін басып тұрған еді. Қала тұрғындары ауада күйік пен бензин және күкіртсутекке ұқсас белгісіз химиялық заттардың иісі сезілетінін айтып, шағымдануда.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
15 қыркүйек 2026