ШҚО-да полиция қызметкері өртеніп жатқан үйден баланы алып шықты
Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласында жеке үйден шыққан өртті алғаш болып патрульдік полиция қызметкерлері байқаған. Полицейлердің бірі үйге кіріп, баланы аман алып шықты, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Өңірлік полиция ақпаратына сүйенсек, 14 қыркүйек сағат 13:00 шамасында Алтай қаласында патрульдік көлікпен кезекшілік атқарып жүрген полиция қызметкерлері жеке сектор жақтан қою түтін шыққанын байқап, оқиға орнына барған.
Алтай көшесіндегі жеке үйдің өртеніп жатқанын көрген полицейлердің назарын үй ішіндегі баланың жылаған дауысы аударған. Полиция майоры Азамат Қанапин баланы терезеден байқап, әріптестерімен бірге әйнекті сындырған. Кейін ол түтінге толы үйден баланы алып шығып, қауіпсіз жерге жеткізген.
Оқиға орнына көршілердің бірі жедел қызметтерді шақырып, полицейлерге көмектескен. Көп ұзамай өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем бригадасы келген. Бала дәрігерлерге тапсырылып, ауруханаға жеткізілді.
Публикация от Шығыс Сақшылары (@eastkazpolice)
Оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
15 қыркүйек 2026