Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қарағандыда теміржол маңындағы қамысты өрт сөндіру пойызы 6 сағат бойы сөндірді

kz.kursiv.media

Қарағандыда теміржол маңындағы қамысты өрт сөндіру пойызы 6 сағат бойы сөндірді

Қарағанды-Сортировочная-Ақадыр теміржол учаскесінде қамыс өртенді. Тілсіз жауды толықтай жоюға шамамен алты сағат уақыт кетті, деп хабарлайды Кursiv.Media.

«ҚТЖ» мәліметінше, өтіп бара жатқан пойыздың машинисі сағат 14:15-те өртті байқап, бұл туралы Қарағанды -Сортировочная станциясының кезекшісіне дереу хабарлаған. Өрт ошағы теміржол төсемінен алты метр қашықтықта орналасқан, жану алаңы 0,7 гектарды құрады.

Оқиға орнына Қарағанды станциясының өрт сөндіру пойызы мен өңірлік ТЖД қызметкерлері жіберілді. Өртті сөндіруге 25 адам мен 5 арнайы техника жұмылдырылды. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін 90 тонна су жұмсалды.

Сағат 17:04-те өрт оқшауланып, 19:58-де толығымен сөндірілді.

«Өрт пойыз қозғалысына кедергі келтірген жоқ. Пойыздардың кешігуі тіркелген жоқ, зардап шеккендер де жоқ. Сондай-ақ теміржол инфрақұрылымына, жолдарға, сигнализация, байланыс және электрмен жабдықтау жүйелеріне ешқандай зақым келмеді», – деп хабарлады «ҚТЖ».

Компания өкілдері өрт сөндіру пойыздары теміржолда тәулік бойы кезекшілік етіп, өрт шыққан жағдайда дереу оқиға орнына шығуға әзір екенін атап өтті.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар