Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Сапасы бағасына сай ма: Changan Alsvin-нің кемшіліктері анықталды

kz.kursiv.media

Сапасы бағасына сай ма: Changan Alsvin-нің кемшіліктері анықталды

Бюджеттік Changan Alsvin седаны бөлшектеліп, оның құрастырылу сапасы тексерілді. «Клубный сервис» YouTube арнасының авторы Илья Свиридов көліктің шанағы мен дәнекерленген жерлерінен бастап, салоны, аспасы және электр сымдарына дейін тексеріп шыққан. Кейбір кемшіліктері көлік бөлшектелгеннен кейін ғана анықталған.

Сарапшы ең алдымен материалдардың сапасы мен көлік ішіндегі жайлылыққа назар аударды. Свиридов салонда қатты пластиктің көп қолданылғанын және рөлді өзіне қарай тартып, әрі итеріп реттеу мүмкіндігі жоқ екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол орындықтардың жайлылығына, климат-бақылау жүйесі мен мультимедиа құрылымына да сын айтты.

Шанақтың құрылымына қатысты да бірқатар кемшілік анықталды. Әрлеу бөлшектері шешілген соң, шанақтағы дәнекерлеу жұмыстарының сапасыз және үнемделген тұстарының бар екені анық көрінді. Мәселен, артқы орындықтың астындағы аяқ төсемі аяқталған тұста металл ашық қалған.

Автор жүксалғыш қақпағындағы электр сымдарының орналасуын да сынға алды. Сымдар сыртқы жағынан гофраның ішіне салынып, арнайы қыстырғыштармен бекітілген.

Есіктердің конструкциясы да автордың көңілінен шықпады, ішкі бөлігінде қарапайым материалдар қолданылған, ал динамиктер пластиктен жасалған. Жалпы, көлікті бөлшектеп тексергеннен кейін Свиридов өндіруші өндіріс шығынын барынша азайтуға тырысқан деген қорытындыға келген.

Alsvin көлігінің төменгі бөлігінде де қарапайым шешімдер қолданылған. Алдыңғы жағында McPherson типті аспа, артқы бөлігінде балка орнатылған. Ал артқы дөңгелектерде барабанды тежегіштер қолданылған.

Жанармай сүзгісі көліктің түбінде орналасқан, ал жанармай багы болаттан жасалған. Свиридов сонымен қатар шанақтың күштік элементтерін, қосалқы жақтауын, аспа иінтіректерін және шығару жүйесін көрсетті.

Капот астында роботтандырылған беріліс қорабымен жұптасқан, қуаты 86 ат күші болатын 1,5 литрлік қозғалтқыш орнатылған. Өндіруші көліктің 100 км/сағ жылдамдыққа 12 секундта жететінін көрсеткен. Алайда шолуды жасаған автор бұл көрсеткішке күмән келтірді.

Ресейде жаңа Changan Alsvin шамамен 1,9 млн рубльге (шамамен 10,2 млн теңге) сатылады. Алайда жеңілдікпен көлікті 1,3 млн рубльге (шамамен 7 млн теңге) табуға болады. Ал Свиридовтың айтуынша, Қытайда бұл седанның бағасы 650–700 мың рубль (шамамен 3,5–3,8 млн теңге) тұрады. Осы бағаны ескерсек, көліктің кемшіліктері де соншалықты маңызды болып көрінбейді.

Қазақстанда Alsvin бұған дейін 6,9 млн теңгеден басталатын бағамен ұсынылған. Алайда қазір бұл модель жергілікті қатарда жоқ. Оның орнын бағасы 7,2 млн теңгеден басталатын жетілдірілген Eado Plus басты.

Айта кетейік, Changan компаниясы бір автокөлікті сатудан небәрі 68 юань, шамамен 4 600 теңгедей табыс тауып отыр. Қытай көліктерінің ақпаратынша, мұндай қорытындыға Zaker Finance сарапшылары компанияның 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қаржылық нәтижелерін зерттеу барысында келген. Бұл көрсеткіш көптеген басқа ірі автокөлік өндірушілермен салыстырғанда әлдеқайда төмен.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар