Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ғылым, энергетика, инфрақұрылым: Қазақстан мен Корея 12 құжатқа қол қойды

kz.kursiv.media

Ғылым, энергетика, инфрақұрылым: Қазақстан мен Корея 12 құжатқа қол қойды

Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы келіссөздер қорытындысы бойынша екі елдің сыртқы істер министрлері қазақ-корей қарым-қатынасын болашаққа бағдарланған жан-жақты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеру туралы вербальді ноталар алмасты, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Бұдан бөлек, мемлекет басшыларының қатысуымен ресми делегация мүшелері үкіметаралық және ведомствоаралық 12 құжатқа қол қойды. Құжаттар энергетика, ғылым, еңбек, атом энергетикасы, зияткерлік меншік, инфрақұрылым және көлік салаларындағы ынтымақтастықты қамтиды.

Атап айтқанда, мұнай саласындағы ынтымақтастық, ғылым мен технология саласында таланттарды дамыту және Кореяның EPS жүйесі бойынша қазақстандық жұмысшыларды бағыттау мәселелері бойынша келісімдер жасалды.

Сондай-ақ, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану, қалалар мен инфрақұрылымды дамыту, озық әуе қозғалысы жүйесін жетілдіру және энергетика саласындағы ынтымақтастық жөнінде бірқатар меморандумға қол қойылды.

Құжаттардың қатарында ормандарды цифрлық қалпына келтіру және климаттың өзгеруіне қарсы күрес, сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумдар бар.

Мәдени-гуманитарлық бағытта Қазақстан мен Корея 2026–2030 жылдарға арналған мәдени ынтымақтастықты дамытуға және тарихи нысандарды сақтау мен басқару саласында бірлескен жұмыстар жүргізуге келісті.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында Ли Чжэ Мёңмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткен еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар