Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Еркебұлан Тоқтарды жекпе-жекке шақырды

kz.kursiv.media

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Еркебұлан Тоқтарды жекпе-жекке шақырды

Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов Еркебұлан Тоқтарды жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы Еркебұлан өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Еркебұлан Тоқтар өзінің парақшасында жариялаған видеожазбасында Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің оның суретін репост салып, «Олимпиада чемпионы біреуден нашар деп санайтын мына хайпожорды маған беріңіздер, жарты раундта сұлатып түсірейін» деген мазмұнда жазба қалдырғанын көрсетті.

Бұл жағдайға байланысты Еркебұлан Тоқтар өз ойын білдіріп, таңғалысын жасырмады:

«Мен бұл ағамызға не істеп қойғанымды білмеймін. Бірақ мен сұхбаттарымда Олимпиада чемпиондары туралы жаман ештеңе айтқан емеспін. Мүмкін, мені бір мотиватормен шатастырып алған шығар. Ол кісі – Олимпиада чемпионы. Менің деңгейіме түсіп, менімен бокстасатын адам емес еді», – деді актер.

Еркебұлан Тоқтар Олимпиада чемпионымен шаршы алаңға шығуға қарсы еместігін, бірақ бұл кездесу белгілі бір шарттармен өтуі керектігін айтты:

«Егер принципиалды түрде мені ұрғысы келсе, «Рух Боксингке» келіп жұдырықтасақ болады. Олимпиада чемпионы, қазақ ағама ұтылу мен үшін ұят емес. Ал егер халықтың алдында ұрғысы келсе, онда промоутерлерге гонорар, ақшасын төлетіп, ресми түрде жекпе-жек ұйымдастырсын. Ақшасын төлесе, мен шығып беремін», – деп атап өтті.

Сондай-ақ, Еркебұлан бұл жағдайдың өзара түсініспеушіліктен туындаған болуы мүмкін екенін меңзеп, оқырмандарынан бұл мәселеге қатысты пікір сұрады.

A post shared by Еркебулан Токтар (@erkebulan_toktar)

Еске сала кетейік, Еркебұлан Тоқтар соңғы жекпе-жегінде өзбекстандық Бобиржон Исроиловты нокаутпен жеңген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар