Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Актер Нұрсұлтан Жақсыгенге сот үкімі шықты

kz.kursiv.media

Актер Нұрсұлтан Жақсыгенге сот үкімі шықты

Актер Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылып, сот залында қамауға алынды. Бұл туралы жәбірленуші Фариза Сабырәлиеваның адвокаты хабарлады.

Қылмыстық іс Алматы облысы Қарасай аудандық сотында қаралды. Жақсыгенге қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігі 3-тармағы негізінде іс қозғалған. Бұл бапта «онлайн-платформаларды пайдаланып көрінеу жалған ақпарат тарату» әрекеті көрсетілген.

«Сот Нұрсұлтан Жақсыгенді кінәлі деп танып, оған 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді», – деп жазды адвокат.

Сондай-ақ Фаризаның Сабырәлиеваның азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылып, оның пайдасына 5 000 000 теңге өндірілді.

Сот үкімі жарияланғаннан кейін Нұрсұлтан Жақсыген сот залында қамауға алынды.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы жұбайы Фариза Сабыралиевамен соттасты. Сабыралиева видео жариялап, біраз уақыт бойы өзі туралы шындыққа жанаспайтын және абыройына нұқсан келтіретін ақпарат таратылғанын айтты.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар