Әлеуметтік желіде Қазақстан тарихы бұрмаланып жатыр – депутат
Қазақстан тарихына қатысты жалған ақпарат әлеуметтік желіде тез тарайды. Осыған байланысты депутаттар тарихи деректерді тексеріп, бұрмаланған мәліметтерге жедел жауап беретін жүйе құруды ұсынды. Осындай ұсыныс білдерген депутат Шолпан Каринова Мәдениет және ақпарат министріне сауал жолдады.
Депутаттың айтуынша, қазіргі кезде тарихи сана тек оқулықтар мен ғылыми еңбектер арқылы қалыптаспайды. Әсіресе жастар Қазақстан тарихына қатысты ақпаратты TikTok, Instagram және YouTube сияқты платформалардан алады.
Сондықтан әлеуметтік желіде қандай тарихи ақпарат тарайтыны, оның дереккөзі қандай екені және қоғамға қалай ұсынылатыны маңызды.
«Әлеуметтік желілерде тарихи тақырыптағы күмәнді және бұрмаланған ақпарат тез таралады. Оған дер кезінде кәсіби жауап беріп, нақты дерек ұсынатын жүйелі тетік қажет», – деді Шолпан Каринова.
Депутат ақпараттық саясат тек мемлекеттік бастамаларды жариялаумен шектелмеуі керек деп санайды.
Оның айтуынша, халықпен кездесулер барысында елде атқарылып жатқан көптеген маңызды жұмысты азаматтардың толық біле бермейтіні байқалған.
«Мәселе жұмыстың жоқтығында емес. Мәселе – оның мәні мен нәтижесін халыққа түсінікті тілде жеткізуде», – деді депутат.
Осыған байланысты реформалардың мақсаты мен нәтижесін түсіндіретін журналистиканы дамыту қажеттігі айтылды. Ақпараттық саясат тарихи сананы қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және елдегі өзгерістерді түсіндіруге бағытталуы тиіс.
Депутаттық сауалда Үкіметке бірнеше ұсыныс жасалды. Атап айтқанда:
Депутаттың пікірінше, бұл бағыт әсіресе жастар үшін маңызды, өйткені бүгінгі ақпарат қоғамдық көзқарастың қалыптасуына әсер етеді.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 15
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
16 қыркүйек 2026