Форумдардан пайда бар ма: Жастар арасындағы жұмыссыздық көбейіп барады
Елімізде оқымайтын, жұмыс істемейтін және ресми қайта даярлаудан өтпейтін жастардың (NEET санаты) үлесі 5,8 пайызға жетті. Ресми деректерге сүйенсек, 100 мыңнан астам жас тіркелген жұмыссыз ретінде есепте тұрса, 300 мыңнан астамы уақытша немесе жасырын жұмыссыз жүр. Осыған орай, «Әділет» партиясы фракциясының депутаты Ділдәбек Дидарбек Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевқа депутаттық сауал жолдап, саладағы қордаланған түйткілдерді көтерді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Құрылтай депутатының айтуынша, бұл санаттағы жастар – деструктивті тәуекелдерге ең бейім, әлеуметтік жағынан осал топ. Өңірлерде Жастар ресурстық орталықтары (ЖРО) жұмыс істегенімен, олардың қызметі көбіне қаланың белсенді жастарымен шектеліп, шеткері ауылдар мен қала маңындағы жастар ақпараттық вакуумда қалып отыр.
Жастардың басым бөлігі мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерінен бейхабар, тығырықтан шығар жолды өз бетінше іздеуге мәжбүр.
Орталықтардың жұмысы нақты жасырын NEET жастарымен атаулы, нүктелі жұмыс істеуге адаптацияланбаған.
Аудандық және ауылдық деңгейдегі ЖРО қызметкерлерін материалдық ынталандыру жүйесі мүлде жолға қойылмаған.
Жас мамандар «Smart Data Ukimet» немесе «Отбасының цифрлық картасы» сияқты мемлекеттік базалармен жұмыс істей алмайды.
Депутат қалыптасқан жағдайды түбегейлі өзгерту үшін министрлікке 4 нақты талап қойды:
Депутат Ділдәбек Дидарбек Мәдениет және ақпарат министрлігінен аталған сауалға Конституциялық заңға сәйкес белгіленген мерзімде ресми жауап қайтаруды талап етті.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 15
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
16 қыркүйек 2026