Ғылымға бөлінген әр теңгенің қайтарымы болуы керек - депутат
«Әділет» партиясының фракциясы ғылыми-зерттеу жұмыстарына бөлінетін бюджет қаражатының экономикалық тиімділігі мен нақты қайтарымын бағалауды ұсынды. Бұл туралы депутат Тілектес Адамбековтің Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке жолдаған депутаттық сауалында айтылды.
Депутаттың айтуынша, соңғы жылдары мемлекет тарапынан ғылым саласына көрсетілген қолдау едәуір артқан. Үкімет мәліметтеріне сүйенсек, соңғы алты жылда бюджеттен ғылымға бөлінетін қаржы алты есе өсті. Осылайша, ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын ішкі шығындар 121,5 млрд теңгеден 260 млрд теңгеге дейін ұлғайған
Дегенмен, ғылымға құйылған орасан зор инвестицияға қарамастан, оның экономикаға тигізетін нақты әсері туралы ақпарат әлі де ашық емес. Қазіргі таңда зерттеу жұмыстарының шамамен 80%-ы мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылып отыр.
«Бюджет тапшылығы жағдайында қаржыландыру көлемі мен іске асырылған жобалардың саны ғана емес, мемлекет салған инвестициялардың нақты қайтарымын бағалау аса маңызды», – деп атап өтті депутат.
Сауалда министрліктен ғылымға бөлінген әрбір теңгенің экономикалық қайтарымын, өндіріске енгізілген жобалардың үлесін және қай ғылым салаларының тиімді, қайсысының нәтижесіз болып отырғанын ашып көрсету талап етілді.
Сонымен бірге депутат мемлекет ақшасы құрғақ зерттеулерге емес, «ғылым – білім беру – өндіріс» интеграциясы арқылы ел экономикасын дамытуға нақты қызмет етуі тиіс екенін жеткізді.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 15
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
16 қыркүйек 2026