Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада қазақы тазылардың көрмесі өтеді

kz.kursiv.media

Астанада қазақы тазылардың көрмесі өтеді

19 қыркүйекте Астанада қазақы тазыға арналған моно тұқымдық көрме мен байқау өтеді, деп хабарлайды Kursiv.media.

Қазақстан кинологтары одағының мәліметінше, іс-шара халықаралық ит көрмесі аясында өтеді. Оның негізгі мақсаты – қазақы тазыны шетелдік сарапшыларға, кинологтар мен селекционерлерге таныстырып, тұқымның ерекшеліктерін көпшілікке көрсету.

Көрмеде тазылар арнайы сараптамадан өтіп, тұқым стандартына сәйкестігі мен негізгі көрсеткіштері бағаланады. Сарапшылар үздік өкілдерді анықтайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара барысында қазақы тазыны сақтау және асылдандыру мәселесіне де ерекше мән беріледі.

Көрме Астана – Қарағанды тасжолының бойындағы Prestige Horse Club аумағында өтеді. Қатысушыларды тіркеу сағат 09:00-де, ал ресми ашылу 10:00-де басталады.

3 қыркүйекте елімізде алғаш рет қазақ тазысы мен төбет күні атап өтіледі.

Қазақы тазыны қалай сақтау керек? Тазы асыраушылар нені ескеруі қажет? Толығырақ сілтемеден оқи аласыз.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар