Германия үлкен соғысқа әзірленіп жатыр
Германия үлкен соғысқа дайындалып жатыр. Ең алдымен жаралыларға арналған ауруханалардан бастамақ, деп хабарлайды Kursiv.media.
Bloomberg ақпаратына қарағанда, Бундесвер Ресей мен НАТО арасында қақтығыс болған жағдайда Германияға күн сайын мыңға жуық жараланған әскери қызметкер келуі мүмкін деген сценарийді модельдеп жатыр. Онда бес әскери госпиталь тез арада науқастарға толып қалуы мүмкін. Сондықтан зардап шеккендерді азаматтық ауруханалар қабылдауға мәжбүр болады.
Ульм қаласында әскери мамандар Қырғи-қабақ соғыс кезеңінен қалған, 2000 адамға дейін қабылдай алатын және 90 күн бойы автономды жұмыс істей алатын медициналық бункерді қайта қалпына келтірді қарастырып жатыр. Басқа ауруханалар жерасты автотұрақтарын баспанаға айналдыру мүмкіндігін зерттеп, жаппай адам шығыны болған жағдайда әрекет ету бойынша оқу-жаттығулар өткізуде.
Сонымен қатар, Германияның қазіргі медициналық жүйесі мұндай сценарийге әзірге толық дайын емес. Әскери жарақаттарды емдеу тәжірибесі бар неміс дәрігерлерінің саны – небәрі бірнеше жүз адам. Ал ауруханалар инфрақұрылымды, дәрі-дәрмек қорын және энергиямен қамтамасыз ету жүйесін күшейтуі қажет.
Айта кететін жайт, НАТО алғаш рет АҚШ-тың қатысуынсыз әскери оқу-жаттығу өткізді.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 15
-
-
Күнделікті жаңалықтар
16 қыркүйек 2026