Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Оңтүстік Корея Қазақстанға 12 млрд доллардан астам инвестиция салған

kz.kursiv.media

Оңтүстік Корея Қазақстанға 12 млрд  доллардан астам инвестиция салған

Сеул еліміздің үздік он сауда серіктесінің қатарына кіреді. Ірі инвесторлардың арасында тоғызыншы орын алады. Кореядан елімізге 12 миллиард доллардан астам инвестиция келді. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитінде айтты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Былтыр Орталық Азия мен Кореяның өзара сауда-саттық көлемі алғаш рет 10 миллиард доллардан асты. Өңірдегі тауар айналымының жартысына жуығы Қазақстанға тиесілі.

Сонымен бірге Қазақстанда корей капиталының үлесі бар мыңнан аса бірлескен кәсіпорын тіркелген. Мәселен, Kia, Hyundai, Doosan, Posco, Samsung, Lotte, Hanwha секілді жетекші компаниялар Қазақстан нарығында ұзақ жылдар бойы табысты жұмыс істеп келеді. Қ

Президенттің Оңтүстік Кореяға сапары аясында жалпы құны шамамен 19 миллиард долларға бағаланған коммерциялық келісімдерге қол қойылды.

«Бұл – экономикалық ықпалдастығымыздың қарқыны жоғары екеніне айқын дәлел», – деп атап өтті Президент.

Сондай-ақ Тоқаев басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастық аясын кеңейту мақсатында Қазақстан Кореяға энергия ресурстарын жеткізуді қайта жандандыруға әзір екенін айтты.

Оқи отырыңыз: Ғылым, энергетика, инфрақұрылым: Қазақстан мен Корея 12 құжатқа қол қойды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар