Илон Маск дөңгелекті үйде тұрып жүр
Илон Маск қазіргі уақытта Мемфисте компаниясының ауқымды жобаларына жақын жерде Airstream трейлерінде тұрып жатыр, хабарлайды Kursiv.media.
Fortune ақпаратына қарағанда, Bloomberg миллиардерлер индексі бойынша, оның байлығы 917 млрд доллар деп есептелініп отыр. Сонда да дөңгелекті шағын үйде тұрады.
Маск дөңгелекті үйде тұрып жатқаны туралы All-In подкастына SpaceX президенті Гвинн Шотвеллмен бірге қатысқан кезде айтты. Шотвелл кәсіпкердің осындай өмір салтын оның өз жобаларына толық беріліп жұмыс істеу әдетімен байланыстырды. Оның сөзіне қарағанда, Маск бұған дейін де зауытта еденде ұйықтап, жұмыс орындарына барынша жақын жүрген.
Қазір Маск Мемфисте xAI компаниясының Colossus суперкомпьютерлік орталығын кеңейту жұмыстарына көңіл бөліп отыр. Компания Grok жасанды интеллект моделіне қажетті есептеу қуатын арттыру үшін орталықтың инфрақұрылымын жедел дамытып жатыр.
Масктің жұмысқа жақын жерде тұру әдеті бұрыннан бар. Оның өмірбаянына сәйкес, 1990-жылдары алғашқы стартапын құрған кезде ол ағасы Кимбалмен бірге кеңседе алты ай ұйықтаған. Кейін X.com-ды іске қосу кезінде де жұмыс үстелінің астында түнеген.
2017–2018 жылдары Tesla Model 3 өндірісін күрт арттыруға тырысқан кезеңде Маск зауытта тәулігіне 4-5 сағат қана ұйықтап, кейде еденде демалғанын айтқан.
Айта кететін жайт, SpaceX негізін қалаушы Илон Маск пен OpenAI бас директоры Сэм Альтман жасанды интеллектінің даму қарқынын баяулату керек деп есептейді.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 15
-
-
Күнделікті жаңалықтар
16 қыркүйек 2026