Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қытайда роботтарды роботтар құрастыратын зауыт ашылды

kz.kursiv.media

Қытайда роботтарды роботтар құрастыратын зауыт ашылды

Қытай роботтарды роботтар жаппай шығаратын алғашқы зауытты іске қосты. Ол жылына 10 мыңнан астам адам тектес роботтарды шығаратын әлемдегі тұңғыш интеллектуалды зауыт болды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Қытайлық Ubtech компаниясының хабарлауынша, зауыт ресми түрде 12 қыркүйекте Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономды ауданының Лючжоу қаласында жұмысын бастады.

«Бұл әлемде бірінші болып ашылған заманауи «ақылды» зауыт. Оның басты ерекшелігі – мұнда жылына ондаған мың адамға ұсас роботтарды шығаруға мүмкіндік бар», – делінген хабарламада.

Компания өкілдері атап өткендей, жоспарланған жылдық өндірістік қуат 10 мың роботтан асады, бұл интеллектуалды өндіріс жүйесінің ауқымды түрде жетілдірілгенін білдіреді.

Өндіріс дерлік толықтай автоматтандырылған. Зауытта басқа роботтарды құрастыру, жылжыту және тиеу сияқты кейбір операцияларды орындауға көмектесетін роботтар қолданылады.

Зауыттың аумағы 14 мың шаршы метрді құрайды.

Бұған дейін OpenAI 2027 жылы алғаш рет адамға ұқсас роботты таныстыратын хабарлаған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар