Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

СҚО-да инфекция тарап, 14 мың құс қырылып қалды

kz.kursiv.media

СҚО-да инфекция тарап, 14 мың құс қырылып қалды

Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданында инфекция тарап, тұрғындары 14 мыңға жуық құсынан айырылды. Әзірге мамандар аурудың нақты себебін таба алмай отыр деп хабарлайды Kursiv Media 7-арнаға сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғын Нина Пискунова қаздарды қарызға ақша алып сатып алғанын айтады. Екі ай бойы ешқандай мәселе болмаған, ал қазір кенеттен құстар бірінен соң бірі қырыла бастаған.

«Бұл қаздардың 300 данасын кішкентай кезінде алдық. Өлім-жітім болған жоқ, екі айға дейін бәрі жақсы еді. Өздерін қарызға алдық. Енді ол ақшаны қайтару керек, ал қайтаратын ештеңе қалмайын деп тұр. Өйткені оларды өсіре алмаймыз, бәрі қырылып бітетін түрі бар», – дейді Н. Пискунова.

Басқа тұрғын Абдулсамат Досановтың айтуынша, санаулы күн ішінде ауласындағы 250 қаздан тек 80-і ғана қалған. Әзірге мамандар нақты диагноз қоя алмай отыр, ол үшін бірнеше сараптама жүргізу керек.

«Құс Башқұртстан Республикасынан әкелінген. Бұл мал басына ветеринариялық-ілеспе құжаттар жоқ. Құс тұмауының клиникалық белгілерін көріп тұрған жоқпыз, өйткені кез келген тұмау сияқты мұрыннан су ағу және тағы басқалары болуы керек еді. Ондайдың ештеңесі жоқ. Оған қоса сойған кезде жоғарғы тыныс жолдары таза. Мүмкін бұл пастереллез шығар», – дейді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Жанат Әміржанов.

Сараптама нәтижесі бір аптадан кейін белгілі болады, сол кезде ғана мыңдаған құстың қырыу себебі анықталмақ.

Пастереллез – үй жануарлары мен құстарда, сондай-ақ жабайы аңдарда кездесетін, тез таралатын жұқпалы ауру. Ауруды Pasteurella тұқымдасына жататын бактериялар тудырады. Ауру азық, су, ластанған төсеніш арқылы, сондай-ақ ауа-тамшы жолымен жұғады. Құстардың тығыз орналасуы мен санитарлық талаптардың сақталмауы инфекцияның өршуіне ықпал етеді.

Бұған дейін БҚО-да киіктер қырылып жатқанын жазғанбыз. Сол кезде мамандар киіктерден үй жануарларына пастереллез жұғуы мүмкін деген күдігін айтқан.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар