«Астана Аренадағы» жасанды алаң табиғи көгалға ауыстырылады
«Астана аренадағы» жасанды алаң табиғи көгалға ауыстырылады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Скотт Манн хабарлады.
«Біз «Астана Аренаның» әлемдік деңгейдегі стадион екенін жақсы білеміз. Бұлай бағалау тек оның сыйымдылығына ғана емес, сонымен бірге корпоративтік инфрақұрылымына, бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыс істеуіне жасалған мүмкіндіктерге және басқа да маңызды бағыттарға қатысты», – деді Скотт Манн.
Сонымен қатар Бас хатшы УЕФА тарапынан қойылған басты талаптардың біріне тоқталды. Жоба шарттарына сәйкес, Суперкубок матчы тек табиғи көгалда өтуі тиіс. Осыған байланысты алдағы уақытта «Астана Аренадағы» қазіргі төселген жасанды жабын толығымен алынып, орнына табиғи газон төселетін болады.
Айта кетейік, 2028 жылы УЕФА Суперкубогы Астана аренада өтеді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
16 қыркүйек 2026