Шаруаларға 5%-дық несие беріледі: өтінім қабылдау қашан басталады
Шаруаларға арналған «Кең дала 2» бағдарламасына өтінімдер 1 қазанда басталады. Несие мөлшерлемесі жылдық 5% болады деп хабарлайды Kursiv.media.
Бағдарлама аясындағы қаржыландыруды Аграрлық несие корпорациясы жүзеге асырады. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер алған қаражатты жаңа маусымға дайындыққа, соның ішінде қажетті ресурстарды сатып алуға, техниканы жөндеуге және негізгі шығындарды жоспарлауға пайдалана алады.
«Кең дала 2» бағдарламасы бойынша ерте қаржыландыру тетігі алғаш рет 2024 жылдың соңында іске қосылған. Бұл диқандарға алдағы маусымға алдын ала дайындалып, егіс науқаны басталғанға дейін негізгі шығындарын жоспарлауға мүмкіндік беріп келеді.
Бағдарлама бойынша берілетін қаржы көлемі де өсіп келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша «Кең дала 2» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, оның ішінде ерте қаржыландыру есебінен, 501,5 млрд теңге берілді.
Ал 2026 жылғы маусымда 16 қыркүйектегі жағдай бойынша шаруаларға берілген қаржы көлемі 664,4 млрд теңгеге жетті.
Шаруалар бағдарлама аясындағы қаржыландыруға бірнеше жолмен қол жеткізе алады. Қаражатты:
Осылайша, 2027 жылғы егіс науқанына дайындалатын шаруалар 1 қазаннан бастап 5% мөлшерлемемен қаржыландыруға өтінім бере алады.
Айта кетейік, Қазақстанда егін жинау науқаны қызу жүріп жатыр. 9 қыркүйектегі жағдай бойынша диқандар дәнді дақыл егілген алқаптың 61,6%-ын жинап үлгерді. Жалпы 13,5 млн тонна астық бастырылды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
16 қыркүйек 2026