Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Geely Galaxy Cruiser 700-ге бір сағатта 44 мың тапсырыс түсті

kz.kursiv.media

Geely Galaxy Cruiser 700-ге бір сағатта 44 мың тапсырыс түсті

Қытайдың Geely Galaxy компаниясы өзінің алғашқы рамалы жол талғамайтын көлігі – Zhanjian 700 (Cruiser 700) моделіне алдын ала тапсырыс қабылдауды бастады. Бұл туралы Kursiv.media CarNewsChina-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа модель алты нұсқада ұсынылады. Бағасы 200 мыңнан 390 мың юаньға дейін (шамамен 13,3–26 млн теңге). Land Ark деп аталатын шектеулі серияның 700 данасы сатылым басталмай жатып өтіп кеткен.

Жаңа көлікке сұраныс алғашқы минуттардан-ақ жоғары болды. Алдын ала тапсырыс ашылғаннан кейін небәрі 9 минутта 10 мың тапсырыс түскен. Бір сағаттан кейін бұл көрсеткіш 43,9 мыңға жетті.

Cruiser 700 көлігі Oriental Lion деп аталатын фирмалық дизайнмен жасалған. Алдыңғы бөлігінде ірі күндізгі жүріс шамдары, Sky Eye жарықтандыру жүйесі және жарықтандырылатын логотип орнатылған.

Жол талғамайтын көліктің өлшемдері:

Жол талғамайтын көлік үш электр қозғалтқышы мен 1,5 литрлік (120 кВт) немесе 2,0 литрлік (160 кВт) бензин қозғалтқыштарын біріктіретін Thor EM-T AI гибридті жүйесімен жабдықталған.

Жоғарғы нұсқасының жалпы қуаты 830 кВт-қа (1113 ат күшіне) жетеді, ал ең жоғары айналу моменті 13 920 Н·м болады. Көлік 0-ден 100 км/сағ жылдамдыққа 3,95 секундта жетеді.

Geely Galaxy Cruiser 700 көлігі CATL компаниясының 47,14 кВт·сағ сыйымдылығы бар LFP аккумуляторымен жабдықталған. Электр қуатымен ол CLTC циклі бойынша 305 шақырымға дейін жүре алады, ал жалпы жүріс қоры 1200 шақырымнан асады. Өндірушінің мәліметінше, жекелеген сынақтарда бұл көрсеткіш 1700 шақырымға дейін жеткен.

Сондай-ақ көлікте 800 вольттық жылдам қуаттау жүйесі бар. Аккумулятор қуаты таусылған кезде отын шығыны 100 шақырымға 5,95 литрді құрайды.

Көліктің салонында бес экраны бар мультимедиялық жүйе орнатылған. Сондай-ақ 18,5 литрлік тоңазытқыш және алдыңғы қатарда массаж жасайтын орындықтар қарастырылған.

Асфальттан тыс жерде жүруге арналған көлікте 17 режимі бар цифрлық шасси бар. Олардың қатарында көліктің бүйірімен қозғалуына мүмкіндік беретін «краб жүрісі» және орнында бұрылуға көмектесетін «танк бұрылысы» режимдері бар. Соңғысы көліктің ең аз бұрылу радиусын 3,36 метрге дейін қысқартады.

Сонымен қатар төтенше жағдайға арналған суда жүзу режимі қарастырылған. Егер көлік белгіленген өткел тереңдігінен асып кеткен жағдайда, ол 40 минутқа дейін суда қозғала алады.

Тағы да оқыңыз: Қазақстандықтар Geely-дің гибрид көлігін көбірек таңдай бастады

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар