Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Заңды мәртебесіз ұзақ жыл тұрған: СІМ АҚШ-та ұсталған қазақ қызы жайлы айтты

kz.kursiv.media

Заңды мәртебесіз ұзақ жыл тұрған: СІМ АҚШ-та ұсталған қазақ қызы жайлы айтты

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов ведомстводағы брифинг барысында АҚШ-та ұсталған қазақ қызы жайлы тың мәлімет айтты, , деп хабарлайды Кursiv.Media.

«Бұл жерде де қысқаша жауап беремін. Өйткені азаматымызға қатысты оның өзі жариялағысы келмеуі мүмкін қосымша ақпаратты жария еткіміз келмейді. Оның АҚШ-та заңды миграциялық мәртебесі жоқ. Соған қарамастан, ол бұл елде бірнеше жыл бойы ұзақ уақыт тұрған», – деді ол.

Ресми өкілдің айтуынша, қазіргі таңда оның заңды құқықтарын қорғау үшін адвокат жалданды.

«Сонымен қатар консулдық қызметкерлеріміз оның отбасымен байланыс орнатты.Жағдайдың қандай да бір жолмен оң шешімін табады деп үміттенеміз. Біздің бұл жағдайдағы басты міндетіміз – қиын жағдайға тап болған азаматымызға қажетті көмек көрсету»,- дейді ресми өкіл.

АҚШ-тың Иммиграция және кеден қызметінің (ICE) қызметкерлері Әлия есімді қазақ азаматшасын 12 қыркүйекте ұстаған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар