Теңіз деңгейінен 4 мың метрден астам биіктікте: Сәтпаев шыңынан турист құтқарылды
Алматы облысының тауларында құтқарушылар Сәтпаев шыңынан түсіп келе жатып қолы мен аяғын жарақаттап алған туриске көмекке келді, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, оқиға 4317 метр биіктікте болған. Зардап шеккен 24 жастағы жігіт болып шықты.
«Алматы қалалық Жедел ден қою және мониторинг орталығының құтқарушылары оның геолокациясын анықтап, байланыста болды. Мамандар туриске алғашқы медициналық көмек көрсетіп, содан кейін оны «Эдельвейс» шлагбаумына дейін шығарып салды», – деп хабарлады ТЖМ.
Бұдан кейін зардап шеккен азамат ТЖМ ҚАТӘО (Апаттар медицинасы орталығы) бригадасына тапсырылды. Ер адам №12 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді.
Ал Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, 100 адамэвакуацияланған еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
16 қыркүйек 2026