Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Енді министрлік 4300 теңгеден арзан тұратын дәрілердің бағасын реттемейді

kz.kursiv.media

Енді министрлік 4300 теңгеден арзан тұратын дәрілердің бағасын реттемейді

Денсаулық сақтау министрлігі құны 1 АЕК-тен төмен тұратын яғни 4 325 теңге болатын дәрілік заттарды мемлекеттік баға реттеу жүйесінен шығармақшы деп хабарлайды Kursiv Media.Министрліктің мәліметінше, енді мемлекет бағаны барлық дәріге емес, халық үшін бағасы қолжетімді болуы маңызды дәрі-дәрмектерге басымдық бере отырып реттейді. Нәтижесінде 1 200-ден астам дәрілік зат мемлекеттік реттеуден шығарылады. Олардың бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасады.

Дегенмен олардың бағасы бақылаусыз қалмайды. Денсаулық сақтау министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірге дәрі-дәрмек бағасын бақылау тетіктерін күшейтуді жоспарлап отыр. Ол үшін дәрілерді таңбалау және олардың қозғалысын қадағалайтын цифрлық жүйе пайдаланылады.

Егер дәріханада дәрі белгіленген шекті бағадан қымбат сатылса, тұрғындар бұл туралы DariKZ мобильді қосымшасы арқылы хабарлай алады. Ол үшін дәрінің бағасы көрсетілген чекті және қаптамасын қоса тіркеу қажет.

Еске салайық, 2024 жылғы шілдеден бастап дәрі-дәрмектерді міндетті таңбалау енгізілген. Содан бері жүйе арқылы шамамен 1,1 млрд қаптама дәрі өткізілген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар