Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қуаныш Бейсек "Мәдениет" атты жаңа журнал шығарды

kz.kursiv.media

Қуаныш Бейсек Мәдениет атты жаңа журнал шығарды

Белгілі режиссер Қуаныш Бейсек және оның командасы «Madeniet» атты жаңа журнал шығармақшы деп хабарлайды Kursiv Media.

15 қыркүйекте «Целинный» орталығында журналдың тұсауы кесіліп, таныстырылымын жасады.

Алғашқы нөмірі «7 қарақшы» фильміне арналған. Мұқабаға да картинадағы актерлік құрамды шығарған. Олардың қатарында Еркебұлан Дайыров, Азат Жұмәділ, Индира Сабирова, Шұғыла Ешенова және басқалары бар. Қазақ-вестерн жанрындағы фильмнің режиссері – Қуаныш Бейсек, 24 қыркүйекте көрерменге жол тартады.

Ал журналдың артқы мұқабасы стэндаперлерге берілген. Руслан Тай, Аңсаған Тілеген және актер, блогер Алмаз Мержақыпов орналасқан. Журналдың бір бөлімі де стэндап-фестивальге арналған.

Басылым жақын күндері сатылымға шығуы керек.

Айта кетейік, бұған дейін Қуаныш Бейсек «Алдар мен Көсе» толықметражды мультфильмін шығаратынын хабарлаған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар